×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қоғам қарсылығына қарамастан Алматыда орыс қолбасшысына ескерткіш орнатылды

13.07.2023, 14:48
mail.kz

Алматыдағы Александр Невский соборының аумағында орыс қолбасшысы Александр Невскийге ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Александр Невский – Ресейдегі әулиелер санатына жататын және еуразиялық кеңістік халықтары арасындағы байланыстарды орнатуға және славян мен түркі халықтары арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосқан князь.

“Кішіпейіл тақуа, діни сенім қамқоршысы, бейбітшілік пен келісімнің хабаршысы ретінде бейнеленген, қоладан құйылған Александр ескерткішінің қолында Аспан патшайымының ғажайып иконасы бар”, – делінген хабарламада.

Ескерткіштің ашылу салтанатына қала әкімі Ерболат Досаев арнайы келіп қатысқан.

Айта кетейік, бұдан бұрын азаматтық белсенді Тұрарбек Құсайынов Алматыда Невскийге ескерткішінің ашылуына наразылық білдірген.

"Тарихқа сәйкес, князь Александр Невский Алтын Ордаға еріксіз бағынышты болған, ол біздің көшпелі ата-бабаларымызды жек көресе де, олардың саяси билігіне мойынсұнуға мәжбүр болған. Тарихшылар оның нағыз империалист және діни фанат болғанын айтады. Неліктен Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда Кремль мен Путин әулие деп санайтын Александр Невский сияқтыимпериалистке ескерткіш ашылуы керек?"- деген еді белсенді.

Серіктес жаңалықтары