×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елімізде 6 айда 100-ге жуық басшы жемқорлықпен ұсталған

24.07.2023, 11:21
фото: ашық дереккөзден

Президентке елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің есебі берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор басшысы Асхат Жұмағалидың айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сырттан талдау жүргізу кезінде жерді бөлу және Алматының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлау барысында жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.

Сонымен қатар кездесуде Мемлекет басшысына білім беру саласындағы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу тетіктерінің жетілдірілмегеніне, қызметкерлерді бір орталықтан есепке алудың болмауына және қаржы жымқыруға әкеп соқтырған бухгалтерлік жүйелердің қазынашылықтағы деректер базасымен біріктірілуіне байланысты тәуекелдер анықталғаны жөнінде ақпарат берілді.

Президент бұл саладағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу маңызды екенін және процестерді цифрландыру қажеттігін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 6 айда 130 нысанға талдау және мониторинг жүргізілгені, жемқорлықты жоюға қатысты 1 мыңнан астам ұсыныс енгізілгені туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Асхат Жұмағали Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар заң бұзушылықтың, соның ішінде олигополия өкілдері жасаған заңсыз әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ келтірілген шығындарды өтеу және активтерді қайтару шаралары туралы баяндады.

Жыл басынан елімізде 1 мыңға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелді, 700-ден астам адам әшкереленді, оның 98-і түрлі деңгейдегі басшылар.

“Сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 миллиард теңге өтелді. Жалпы, 1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруды, әсіресе әлеуметтік маңызы бар салаларға баса мән беруді тапсырды. Сондай-ақ алдын алу шараларының аса маңызды екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары