Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін», – деп жазылған жеделхатта.
Татарстанда ұшақтың апатты қонуы кезінде 16 адам қаза тапқан болатын. Тағы алтауы зардап шегіп, ауруханада жатыр. Татарстан бойынша Ресей ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құлаған ұшақ бортында 20 курсант-парашютші және екі экипаж мүшесі болған.