×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Адам саудасы: Қазақстанда жарты жылда 100-ден астам қылмыс анықталды

17.08.2023, 12:13
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, президентке еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде және 30 маусымда өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді.

Марат Ахметжановтың айтуынша, кісі өлтіру, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы және денсаулыққа ауыр зақым келтіру және басқа да қылмыстар айтарлықтай азайған.

Президентке елордада жүзеге асырылып жатқан CyberPol жобасының нәтижелері таныстырылды. Жоба интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылды жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар министр есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді. Жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 кг героин, 652 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. ІІМ күштері 52 есірткі зертханасын жойып, 85 тонна прекурсор тәркіледі.

Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталды.

Президентке отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы да айтылды. Қазір мұндай құқықбұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеліп, іс қозғала береді.

“Кездесу соңында Президент құқық қорғау органдарына азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшылығына құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді”, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары