×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Коммуналдық қызметтер қымбаттады: зейнеткерлерге материалдық көмек көрсетіле ме

17.08.2023, 13:39
фото: ашық дереккөзден

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетілетіні жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

«Себебі, Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз», - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұл көмекке «Тұрғын үй көмегін тағайындау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет арқылы құжаттарды тапсыруға болады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету қағидалары бекітілді және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өтемақы мөлшері белгіленді.

Серіктес жаңалықтары