×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Швеция Құранды өртеуге рұқсат беретін заңды қайта қарауы мүмкін

19.08.2023, 10:27
Ашық дереккөз

Энергетика, бизнес және өнеркәсіп министрі Эбба, Либералдық партия жетекшісі Йохан Персон және премьер-министр Ульф Кристерссон Швецияның Құранды өртеуге рұқсат беретін заңын қайта қарауға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құранды өртеуге қатысты бірқатар әрекеттерден кейін бұл мәселені шешудің ықтимал жолдары туралы пікірталастар басталды. Пікірталасқа қатысушылардың пайымынша, бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ел қауіпсіздігіне баға беру үшін конституцияда қандай құқықтар қарастырылғаны туралы мәселе қарастырылуы керек. Негізгі заң ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін сөз және демонстрация бостандығын шектеуге рұқсат береді, бірақ іс жүзінде бұл норма үнемі толық қолданыла бермейді.

Бұл мәселені шешу үшін Риксдагтағы (Швеция парламенті) барлық партиялардың өкілдерін қамтитын парламенттік жұмыс тобы құрылуда. Дегенмен, саясаткерлер бұл жағдайды шешу үшін конституциялық өзгерістер қажет емес деп санайды.

Сонымен қатар, шетелдік БАҚ швед депутаттарының көпшілігі Құранды өртеу әрекеттеріне тосқауыл болатын заңнамалық өзгерістерге қарсы шыққанын хабарлады.

Еске салайық, қаңтар айының соңында Данияның исламға қарсы «Страм Курс» («Қатаң курс») партиясының жетекшісі Расмус Палудан Стокгольмдегі түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген болатын. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған былтыр мамырда НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швециядан бұл мәселеде Анкарадан қолдау күтпеуді сұрады.

Бұған дейін швед полициясы шілденің 15-і күні Израиль елшілігінің жанында Таурат пен Інжілді өртеген шеру өткізуге рұқсат берген. Акцияға 30 жастағы ер адам өтініш білдірген. Ол манифест Стокгольмдегі мешіт жанында Құранның өртелуіне жауап және сөз бостандығы үшін бас қосу болатынын баса айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Құранды өртеу әрекеттері туралы не айтқанын мына жерден оқыңыз.

Серіктес жаңалықтары