×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қылмыстық кодекстің 13 бабынан өлім жазасы алынып тасталады – заң жобасы

13.10.2021, 09:28
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте қылмыстық кодекске өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Заң жобасын депутаттарға Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев таныстырды.

«Қазақстан 2006 жылы Еуропа одағының өлім жазасын жою туралы үндеуіне қосылды. 2007 жылы БҰҰ-ның өлім жазасына мораторий жариялау туралы резолюциясын қолдады.  Осы жазаны қолдану аясында сатылап азайып келеді. Алғашқы тәуелсіздік жылдары 26 аса ауыр қылмыстар үшін тағайындалатын, бұл жаза 1997 жылы ҚК-ның 18 бабында, ал 2014 жылғы кодекстің 17 бабында сақталған», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша президент 2003 жылы мерзімсіз мораторийді енгізу туралы құжатқа қол қойған. Бұл шешім өлім жазасын толық жойғанға дейін қолданылады.

«Өлім жазасын жоюға бағытталған құжаттардың бірі – екінші факультативті хаттама. Оны Қазақстан осы жылдың қаңтарында ратификациялады. Хаттама өлім жазасын жою үшін барлық шараны қабылдауды міндеттейді. Дегенмен Қазақстан соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырды», - дейді ол.

Әсет Шыңдалиевтің айтуынша, Бас прокуратура қылмыстық кодекске келесі өзгерістерді енгізуді ұсынып отыр.

«Біріншіден, өлім жазасы қылмыстық кодекстің 13 бабынан алынып тасталады. Екіншіден, соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар ретінде өлім жазасын қолдану шектері бекітіледі. Қылмыстық кодекстің 4 бабында осы жаза сақталады: бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалға аса ауыр қылмыстар. Бұл қылмыстар соғыс әрекеттерімен байланысты болуы тиіс. Соғыс кезінде жасалған жағдайда: жаппай қырып жою, азаматтық тұлғаларды жою, соғыс уақытында жасалған геноцид. Осындай адамгершілікке қарсы жасалған әрекеттер бойынша халықаралық акттер бізге жұмыс бағытын анықтап береді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары