Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Әсетұлы Бақаев пен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарлары лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Сыртқы істер министрі қызметіне биылғы жылдың сәуірінде Мұрат Нұртілеу тағайындалған.
Оған дейін бұл қызметті атқарған Мұхтар Тілеуберді жуырда Қазақстанның Аустрия Республикасындағы елшісі болды.