×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мәселе шешімін табады – депутат Назаров мектепте хиджаб кию жайлы

01.09.2023, 09:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Депутат Ардақ Назаров ел мектептерінде хиджаб киюге тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бұл – жыл сайын көтерілетін мәселе. Кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрі зайырлы мемлекет екенімізді, заңға бәріміз бағынуымыз керек екенін айтты. Хиджаб мәселесі өз шешімін табады деп ойлаймын. Мемлекет қандай шешім қабылдаса, азаматтар сол шешімге бағынуы керек”, – деді мәжілісмен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бұл мәселе туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекелеген азаматтардың мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру туралы талабына қатысты пікір білдірген

Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де өз ойын айтқан

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz шенеуніктер мектепте хиджаб киюге салынған тыйымды, білім туралы заңды неге дұрыс түсіндіре алмай жүргенін cараптаған еді.

Серіктес жаңалықтары