Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құжатқа сәйкес Президент әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:
Президент Әкімшілігінің Басшысы;
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
Президент Кеңсесінің Бастығы;
Президенттің көмекшілері;
Президенттің кеңесшілері;
Президент Әкімшілігінің бөлімдері.
Жарлыққа сәйкес:
– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;
– экономикалық мәселелер бойынша;
– халықаралық мәселелер бойынша;
– құқықтық мәселелер бойынша;
– ғылым және инновация мәселелері бойынша президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.
Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.