×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

«Қараңыздаршы, қандай әдемі»: Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденін алды

Бүгін, 15:17
«Қараңыздаршы, қандай әдемі»: Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденін алды
Фото: Michal Walusza / Norway Chess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награда оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен табысталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде II дәрежелі «Барыс» орденін алған сәтін көрсетті.

«Көптен күткен II дәрежелі "Барыс" орденін алдым. Менде III дәрежелі орден де бар, енді I дәрежесі ғана қалды. Сонда осы орденнің толық иегері атанамын. Қараңыздаршы, қандай әдемі! "Барыс" орденінің түсі де ерекше», – деді шахматшы видеода.

Еске салайық, 2025 жылғы 30 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев блиц шахматтан әлем чемпионатындағы жеңісі үшін Бибісара Асаубаеваны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Ал 2024 жылдың қазан айында Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы шахматшыны III дәрежелі «Барыс» орденімен де марапаттаған еді.