×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Әділет министрлігі Статиге қарсы арнайы веб-сайтты іске қосты

15.10.2021, 09:14
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Анатолий мен Габриэль Статиге қарсы іс бойынша өз ұстанымын дәлелдейтін дәлелдемелер жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Анатолий және Габриэль Стати жасаған алаяқтық туралы дәлелдемелерді жариялау үшін жаңа веб-сайтты іске қосқан:  www.kzarbitration.com. Веб-сайттың негізгі мақсаты осы күрделі іс туралы нақты ақпаратты тарату және тиісті дәлелдерге қол жеткізу.

«Бұл ақпарат қоры істің ашықтығын арттырып, алаяқ Статидің Қазақстанға және оның халқына зиян келтіру мақсатында таратқан жалған ақпараты мен өтірігін жоққа шығарады. Сот қаулылары, сараптамалық қорытындылар және басқа да жалпыға қолжетімді құжаттар түріндегі дәлелдемелер, кем дегенде, 2006 жылдан бастап Статидің күрделі және көп қырлы алаяқтық схемасын жүзеге асырып жүргенгін растайды. Веб-сайт Анатолий және Габриэль Статидің халықаралық инвесторлардан қаражатты алаяқтық жолмен қалай алғанын, қаржылық есептілікті бұрмалағанын, аудиторлық қорытындыларды алаяқтық жолмен алғанын және мемлекеттен өздері жымқырған ақшаны өндіріп алу үшін Қазақстан Республикасына қарсы халықаралық арбитражды қалай бастағанын түсіндіреді», - делінген хабарламада.

Министрлік алаяқтық туралы толық ақпарат хронологиялық тәртіппен жазылғанын, Әділет министрлігі жинаған дәлелдермен расталғанын хабарлайды. Ввеб-сайттағы ақпарат оқиғалардың дамуына қарай үнемі жаңартылмақ.

Серіктес жаңалықтары