×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстан экономикасының өсімі соғысып жатқан Ресейден неге төмен

10.10.2023, 12:19
Қазақстан экономикасының өсімі соғысып жатқан Ресейден неге төмен
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасының өсімі биыл 9 айда 4,7% болғанын мәлім етті. Бір қарағанда, Үкімет жоспарына сай жаман көрсеткіш емес. Десе де Украинамен соғысып жатқан Ресейде Росстат өсім 4,9% болғанын хабарлаған. Не себепті соғысып жатқан Ресейден қарағанда, Қазақстан экономикасының өсім көрсеткіші төмен? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі вице-премьер – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа қойды.

Бірінші болып жауап берген Ерұлан Жамаубаев мұның бірінші себебін 2022 жылы Ресей экономикасында құлдыраумен байланыстырады. Оның айтуынша, былтыр логистика, тауар өткізу бойынша көп саладан кем қалып, экономикаға -2 пайыз төмендеген.

«Ал биыл олар былтырғы деңгейге әлі жеткен жоқ. Логистика, тауар тасымалы жағынан қазір олар өз экономикасын әртараптандырып жатыр. Қытай, Үндістан, Азия мемлекеттеріне тауарларын шығара бастады. Көп жағдайда мұнай мен газ. Сондықан олардың экономикасында аздап жандану білінді», - дейді Жамаубаев.

Вице-премьердің сөзінше, Қазақстан экономикасы былтыр да 5 пайыз өсімді көрсеткен. Үкімет мүшелері биыл да сол 4,7 пайызға жетіп, былтырғыға жақындаған.

«Яғни бізде төмендеу болған жоқ. Пандемия кезінде де бізде экономкиалық өсім болған. Алдымызда тұрған мақсат, президенттің де қойып отырған тапсырмасы – орта мерзімде 6-7 пайызға дейін өсу. Үлкен инвестициялар келсе, салық көбейеді. Сол кезде халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік туындайды», - деді Жамаубаев.

Ал Әлібек Қуантыровтың айтуынша, былтыр соғыс бастағалғаннан кейін Қазақстанда экономикасы өскен.

«Біздің мақсат – жалпы ішкі өнімді, жалпы экономиканы екі есе көтеру. Жеті жылдың ішінде соны көздейміз. Біздің экономика 2022 жылы жалпы экономика 225 млрд АҚШ долларын құрады. Енді оны кемі 450 млрд АҚШ долларына көтеру мақсатымыз бар. 2030 жылға дейін экономиканы 475 млрд АҚШ долларына дейін көтереміз. Кемінде 6-7 пайызға өсу керек. Ресейде оң өсім болса, ол бізге де жақсы. Себебі экономикаларымыз байланысты», - дейді Қуантыров.