×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

8,5 млн гектар: мемлекетке қайтарылған жерлер тағы талан-таражға түспей ме

11.10.2023, 10:35
фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова мемлекетке қайтарылған жерлер қандай мақсатта пайдаланылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-премьердің сөзінше, ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті. Салаға салынған инвестициялардың көлемі 72%-ға артып, 850 млрд теңгеге дейін жетті.

“Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде еліміздің жер ресурстарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалану мәселесі өте өзекті. Осы орайда, пайдаланылмай бос жатқан немесе бір кезде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдық жерлерді қайтару үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. 2022 жылдың басынан бері 8,5 млн гектардан астам жер қайтарылды, оның 2,8 млн гектары қазірдің өзінде елдің игілігіне берілді. Қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр”, – деді Дүйсенова.

Оның айтуынша, тиісті заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселесі бойынша өзгерістер жайылымдарды басқа жер түрлеріне ауыстыруға тыйым салу, оларды мал жаю үшін резервке қою, жайылымдық жерлерді алу нормативтерін ұлғайту және басқа да нормалар арқылы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Үкіметте игерілмей жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері жарияланған.

Сондай-ақ, жуырда Қызылорда облысында 218 млн теңгенің жер учаскелері мемлекетке қайтарылғаны хабарланды.

 

 

Серіктес жаңалықтары