×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Nur Otan-нан «Ауылға»: Егізбаев партияаралық доданың шынайы бейнесін ашып берді ме

01.01.2024, 12:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Ауыл» партиясының төрағасы, мәжіліс депутаты, фракция жетекшісі Серік Егізбаев Jibek Joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына сұхбат берген. Сұхбаттан Серік Егізбаевтың нақты қандай бағыт бойынша уәде бергенін шынын айтқанда, біле алмадық. Неге екенін талдап көрейік.

Құндылығы жоқ, жай сөзге құрылған атау ма?

Тіркелгеніне 21 жыл болған партия биыл ғана мәжілістен 8 депутаттық мандатқа қол жеткізді. Тартысқа түскен бұл саяси бәсекеде мұндай жетістікке бұған дейін жете алмағандарын партия төрағасы өздерінен көріп отыр.

21 жылдан кейін қол жеткен жетістікті «норм» қабылдадық деген партия төрағасы сол жылдары партияның жұмыс жүргізіп, белсенді болғанымен, халық арасындағы үгіт-насихаттың дұрыс болмағанын, мүмкіндіктердің жеткілікті болмағанын айтып отыр. Мәселен, партия  бұрынғы көшбасшылары халықтың арасына шығып, белсенді болған кезде бәрі басқаша болар ма еді дегенді атап өтті. 

«Ауыл халықтық демократиялық-патриоттық» деп аталатын партияның атауына тоқталған жүргізушінің жауабына партия төрағасы Егізбаев «құндылыққа сәйкес емес, жай сөз» деген ойды айтып қалды. Екі партияның қосылуынан кейін осылай аталып кеткенін алға тартқан партия төрағасы жұмыстың жүйелігін айтпағанда, атауындағы негізгі сөзге де толық жауап бере алмай отыр.

«Егерде партияның тарихын көрсеңіз, Патриоттық және Ауыл партиясы болды. Біріккен кезде атаулары да біріккен. Басқа мағына іздеудің қажеті жоқ. Қазір біз де оны ойластырып жүрміз. Партияның ребрендигін істейміз бе келесі съездерде, делегаттарға ұсынамыз ба деген ой бар», деген Егізбаев партияның 21 жыл бойы Мәжіліске өтпегенін де осы атаудағы жай қойыла салған формамен байланыстырады.

«Ауыл ішінен шыққан партиямыз»… бірақ

8 жыл басқарған Әли Бектаевті «елге танымал саясаткер» деген қазіргі партия төрағасы оның «Ауыл» партиясына қатысты саясатын нақты жалғастыра ма әлде жоқ па, қандай өзгеріс жасауы мүмкін деген сұраққа жауап бере алмады, біз де ала алмадық. Жүргізушінің «ауылға қарай бет бұрасыздар ма?» деген сұрағына «біз ауылдың ішінен шыққан партиямыз» деп жауап берді.

Бір қызығы, депутаттық мандатқа ие 8 адамның нақты бір-екеуінің ғана ауыл шаруашылығына қатысы болмаса, басқаларының бәрі дерлік өзге саланың мамандары. Бұл туралы жүргізуші де сөзін дәйектеп кетеді. Партия төрағасы бұл сұрақтан айналып өтуге тырысады. 

«Біз «Ауыл» партиясы деген тек қана агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің ғана саяси, соның ішінде мүдделерін ғана қорғайтын партия емеспіз. Біз жалпы ауылды әлеуметтік топ,  әлеуметтік әлем ретінде көреміз», деген Егізбаев, оның ішіне: мұғалімдерді, дәрігерлерді және үй шаруашылығымен айналысып жүргендерді қосады.

Ескертке кету керек, партияның мақсатында нақты «барлық қазақстандықтардың» деп тайға таңбас басқандай жазылған жол бар. Яғни тек ауылдың емес, жалпы қазақстандықтардың өмірін жақсартуды көздеп отыр. 

Егізбаев қай жерден сүрінді?

Партия төрағасы сайлауалды бағдарламаның үшеуін атайды. Анығында, жүргізуші негізгі үш басымдықты атап беруді сұрайды. Сонымен, Серік Егізбаев атаған үш негізгі бағытқа назар салыңыз:

  • ауыл өнеркәсібі. Агробанк ашу
  • азық-түлік қауіпсіздігі. Заңның жоқтығы
  • жайылым жер (зай қайта қарау)
  • қосымша ретінде партия төрағасы 4-ші бағытты да атайды: Агроөнеркәсіптегі кәсіпкерлерді салықтан босату мәселесі.

Аталған төрт мәселе бойынша да талқылаулар болған, бірақ әлі натиже жоқ. Нақтырақ айтқанда, 98 депутаттың 73-і Агробанк ашуды қолдағанын айтады, бірақ прмьер-министрдің қолымен «қолдамаймыз» деген хат алғанын айтады. Дегенмен нақты не үшін қолдамай отырғанын ашып айта алмайды.

Енді қараңыз, Серік Егізбаев сұхбат барсында барынша ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп саласынан қашып, жалпы ауыл халқына қарай басымдық беруге тырысқанымен, өзінің айтып отырған сөзіне өзі қарсы шығып отыр. Мәселен, атап отырған төрт түрлі сайлауалды бағдарламасындағы бағыттар тікелей ауыл шаруашылғына қатысты. Шындығында, партия төрағасы сайлауалды бағдарламаны оқымаған ба әлде партияның нақты мақсатын білмей ме? Бұл сұраққа әлі жауап аламыз деп үміттенемін.

Nur Otan-нан Ауылға…

Серік Егізбаев биыл қазан айында ғана «Ауыр» патриясына төраға болып сайланған. 2019 жылы ғана осы партияға мүшелікке өткен. Оған дейін Nur Otan партиясында болғанын айтады. Ал бұрынғы партиядан кетуіне субъективті адамдардың әсері болғанын, сол үшін кетіп қалғанын айтады. Егер субъективті адамдардың мәселесі шешілгенде, Егізбаев қазір AMANAT партиясының мүшесі болып отырар ма еді?! Бұл сұрақтың жауабы да жабулы қазан күйінде қалды.

Егізбаев AMANAT партиясында болмағанын, Nur Otan-да болғанын баса айтады да, жүргізушінің «қазір ше?» деген сұрағына, AMANAT партиясын Парламентте әріптес деп санайтынын, саяси додада қарсылас екенін білдіріп келіп, соңында қарсылас партияның бағдарламасын «қолдаймын» дейді. Бұл ойын ақтау үшін, алдыңғы айтқан жауабын жасырып кету үшін Егізбаевтың мына жауабы жеткілікті болған секілді:

«Шынын айтсақ, қазір енді алты партияның бәрін қарасақ, «ел үшін», «ел үшін, «ел үшін» деп бәрі солай жазады ғой. Енді қалай келіспейсің?», дейді. 

Димаш Құдайбергенге талас немесе Қарақат Әбден саяси технологияның объектісі ме?

Партия төрағасы өзіне қойлыған «өткір сұраққа» жауап беруді Қарақат Әбденнен бастаса керек. Атап айтқанда, «Ауыл» партиясының мүшесі, Парламентте отырған депутат әрі президент сайлауына түскен Қарақат Әбден жайында Егізбаев кеңінен көсіліп, жауап берді деуге болады. 

Естеріңізде болса, президент сайлауы кезінде Қарақат Әбден былай деп еді: «Мені ешкім мұндай қадамға итерген жоқ. Бұл менің өзімнің шешімім, өзімнің ұстанымым. Ұсынысты маған қоғамдық бірлестік айтты. Бұл қоғамдық бірлестікпен біз көп жылдан бері бір салада жұмыс істейміз. Қарастырып жатқан мәселелердің бәрі бір. Сондықтан әрине бірден қуана-қуана келістім». 

Ал Серік Егізбаевтің аргументі қандай?

«Әрбір партияның сайлауалды кезінде өзінің бір стратегиясы мен тактикасы болады» деген Егізбаевтың жауабын жүргізуші «Қарақат Әбден сол стратегияның бір объектісі деп қарауға болады» деп жалғайды. Егізбаев «солай деуга болады» дейді. Сонымен, шындығында Қарақат Әбден өзі айтқандай бұл қадамға еркін түрде келді ме әлде «Ауыр» партиясының сайлауалды стратегиясының бір объектісі болды ма?

Егізбаев мырзаның айтуынша, Қарақат Әбден мен Жигули Дайрабев президенттік додаға қатысып, жақсы дауыс жинап, халықтың алдында танымал болған екен. 

Сонымен Қарақат Әбден туралы айтылған ойды жуып-шаюға енді Димаш Құдайберген мен Геннадий Головкин келеді. Қалай?

Серік Егізбаев аталған қос тұлғаға, әсіресе, Димаш Құдайбергенге партиялар арасында талас болатынын айтады. Яғни танымал тұлғаның партия құрамында болуы саяси технологияның бір жолы. Тек екеуі де қазір «AMANAT партиясында» деген Егізбаевтың жауабы жеткілікті болды. 

«Оны AMANAT кіргізіп алды», - дейді «Ауыл» партиясының төрағасы. 

Оның түсіндіруінше, сайлаушылар Геннадий Головкин AMANAT партиясында екенін біліп, сол үшін ғана дауыс береді деп отыр. Ендеше Қарақат Әбденнің танымалдығы үшін ғана сайлаушылар «Ауыл» партиясына дауыс берген бе? Немесе Дайрабаев үшін?

Жүргізуші Ерболат Мұхамеджан қойған сұрақты біздің де қойғымыз келеді:

Бұл атап отырған саяси технология халықтың, сайлаушылардың сенімімен ойнау емес пе?

Серіктес жаңалықтары