×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әйтеновтер отбасындағы бүлік пен мүлік: сау басқа сақина тілеген кім?

01.08.2024, 11:00
Әйтеновтер отбасындағы бүлік пен мүлік: сау басқа сақина тілеген кім?
ulysmedia

“ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы” Заң қабылданып, күшіне енгелі, қоғамда резонансты жайттар көбейді. Қарапайым отбасы, қарапайым азаматтар арасындағы мұндай дау-дамай болмай жатқан жоқ, екі күннің бірінде болып жатыр, ажырасу деңгейі дейсіз бе, қол көтеру, жазым қылу дейсіз бе, бұл жағынан Қазақстан антирекорд жасаған елдердің қатарында. Мәселе ел сенім білдірген, жоғары лауазымда жүрген азаматтардың отбасында болып жатқан айқай-ұйқай. Отбасын басқара алмаған азамат елді басқара ала ма дерсің, алайда кінә біржақты ма? Әділін айту қиын. Бірақ қазір әлеуметтік желінің кісіге жал бітіріп, жел беретінін ескерсек, біреуді ақ, енді бірін қара деп кінәлауға болмайтынын түсінеміз. Құқықтық мемлекетте екі адам арасындағы мәселе таяқпен емес немесе әлеуметтік желіде күйе жағумен шешілмеуі тиіс. Жанжал, шағым, шешім - бәрі құқық қорғау органдары мен соттың өкілеттігімен реттеледі. Сондықтан біз де осындай отбасылық дау-дамайға соттан бұрын баға беруге асықпауды жөн көрдік. Алайда, өз шындығын айтам деген азаматқа ақпараттық алаң ұсынатын журналистік дәстүрімізбен келісім бердік.

Әңгіме “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директор болған, Шымкент қаласы әкімінің ағасы (Мұрат Әйтеновтің) Марат Әйтенов пен оның бұрынғы әйелі Дана Әтешова турасында. Бұдан бұрын біз Дана Әтешованы тыңдаған едік. Бұл жолы Марат Әйтеновке сөз бұйдасын ұстаттық. Толығырақ “Ulysmedia.kz” материалында.

Марат Әйтенов пен Дана Әтешова 2020 жылы 5 желтоқсанда сот шешімімен ажырасқан. Сот шешімі тура бір айдан кейін, яғни 2021 жылы 5 қаңтарда күшіне енген. Араларында кәмелетке толмаған 3 бала бар. Мұны көпшілік білмей де қалар ма еді, егер Дана Әтешова 2021 жылы инстаграмдағы жеке аккаунты арқылы тікелей эфирде жарияламағанда? Сонымен бәленің бәрі неден басталды?

- Біріншіден, рұқсат етсеңіз, сіз кіріспе сөзіңізде айтып жатырсыз ғой, бұрын осындай жерде қызмет жасаған осындай бір азаматтың бауыры деп. Негізі менің басымда болып жатқан жайт ол менің жанұямда болған, менің басымдағы жайт. Өзім соған жауап берсем. Мәлімет таратып жатқан медиаларға өтініш: менің бұрынғы қызметіме, бауырларыма, туған-туысқаныма мені қосақтамаса екен. Ол кісілердің өздерінің жанұялары бар. Әр жанұяның өзінің мәселесі болады. Сізбен мен толық келісемін. Жанұяда болып жатқан мәселе, жанұялық қарым-қатынастар екі адамның арасында шешілуі керек. Өзімнің ұстанымым сондай. Бізге балалық шақтан атамыздан, әжемізден, әке-шешемізден үйренген, бойымызға сіңген ұстаным осындай еді. Сол ұстаныммен жанұя құрып, сол өзімнің ұстанымымды жанұя құрар алдын танысқан кезде бөлісемін, оны қабылдайды. Қабылдап жүріп енді уақыт өтеді. Келіспеушілік туындайды. Келіспеушілік туындағаннан кейін оған, менің ойымша, екі жол бар. Біреу үндемей іште сақтап жүре беру. Екінші, егер де саған бірдеңе ұнамаса, өзіңнің жарыңа оны жеткізесің. “Айналайын, мынадай жайт болып жатыр. Бұл маған ұнамайды. Оған енді ол да құқылы өзінің ойын айтуға. Сөйтіп пікір таласады. Бірақ ол бейбіт жолмен шешілуі керек қой. Менің ойым. Өзімнің ойымды жеткіземін.

Сіздер 9 жыл отастыңыздар Данамен. Неліктен енді осылай елдің алдында…

- Менің жанұямда болып жатқан жайт халыққа қай кезде жариялана бастады? Соған назар аударайықшы. Ол жайт 21-ші жылы интернет аясына шыға бастады. Инстаграмнан мәлімет осындай жанұяда осындай болып жатыр деп. Сөйтіп, ол мәлімет қайдан шығып келе жатыр? Мысалға, сізбен бір мәселені талқылап жатсақ, біз екеуара әңгіме құрамыз ғой. Сосын мен даярмын әңгімені ары қарай жалғастырып, шешетін жолын табуға. Оған ол кісі сенімен сөйлеспей, интернетке шығарып жіберсе, сен не істеріңді білмей қалады екенсің.

2021-ші жылы Дана интернетке шыққан кезде сіздер ажырастыңыздар ма ол уақытта?

- Біз ажырастық, 5 желтоқсан 2020 жылы сот шешімі шыққан. Сот шешімі 5 қаңтар 2021-ші жылы күшіне енген. Сол кезден бастап біз заңды түрде ажырасқанбыз.

Сонда адам сияқты отырып, барлығын бөлісіп, тыныш ажырасуға болмады ма?

- Былай болды. 2020-да өзіңіз білесіз, пандемия, карантин болды, бәріміз үйде отырып қалдық. Мен үйде отырғаннан кейін оның алдында ондай уақытта болған жоқпын үйде, үйде не болып жатқанын байқамағанмын. Ішкі қарым-қатынастар қандай, келіншегім немен айналысып жүргенін назар аудармағанмын. Енді бұл жерде, әрине, өзімнің де кінәм бар. Сосын үйде отырғаннн кейін байқаймын, менің келіншегім көбінесе ана ренингтерге, өз-өзін дамыту жолына түсіп, бірнеше сондай косультацияларға барып, номерологиямен айналысып жүр. Оған мен ол кезде білмеймін ол не дүние екенін, қолдаймын. Иә, керемет, даму жолы ғой, қолдаймын. Саған ұнаса, айналыс деймін. Сөйтіп сол жерге барып келеді де маған айтады, “сен білесің бе, мен білдім, қазір әлемдегі ең дамыған ұстаным, философия біздің жанұямыздың бақыты менің қолымда екен”. Мен келісемін деймін. Әрине, сенің қолыңда. Мен ана жақта үйреніп келгенім: мен әйел басыммен неғұрлым үйдегі бюджетті көп жұмсасам, соғұрлым сенде көп табыс болады дейді маған. Мен айтамын, тұра тұршы, отырып әңгіме қылайық, ол қалай? Маған жат дүние, түсінбей жатырмын, менің білетінім, үйдегі табыс, еңбек арқасында келеді. Жоқ, сен қателесесің дейді. Еңбектен емес, мен есептедім, сенің туған күнің мынандай ғой, менің туған күнім мынадай, енді қара деп, математикалық формулировкалармен бірдеңе шығарып, айтады. Мен келіспеймін дедім. Сосын айттым, онда сен басқа нәрсемен айналысшы, бұл саған қажет емес деп, мысалы бір наразылық, сонымен жалғасып, наразылық болғаннан кейін айтам: онда бармай-ақ қойшы ондай нәрселерге деп. Маған ұнамайды, қарым-қатынасты басқаша құрайық. Мен де үйдемін ғой, жанымда болшы, балалармен айналысайық, бірге серуендейік деп. Жоқ мен жоспарлап қойғам, инста жұлдыздармен кездесіп, шай ішуім керек дейді. Бұл жақсы шығар, бірақ мен өзімнің пікірімді білдіре алам ба? Иә, білдіре аласың. Олай болса, менің пікірім, бұл қажет емес, жанымда болшы. Осылай бірінен кейін бірі ұштасып кетеді. Ұштасып кеткеннен кейін айтам: жарайды, саған ол ұнай ма, сен құқылысың. Саған ол ұнаса, өте жақсы. Сен өзіңнің жан-дүниеңе жақын іс-әрекетті жаса, сонымен айналыс. Онда мен басқа нәрсемен айналысайын,  бірақ сенің жолыңмен жүре алмаймын деп. Балаларды инстаграмға түсірмей-ақ қойшы деп өтініш айтамын. Суретке түсіріп, жүріс-тұрысын шығармашы деймін.

Енді ол да ата-ана ғой. Оның да құқы бар.

- Осылай бірінен кейін бірі жиналып жүреді де, бір кезеңде арамыздағы сондай әңгімелер жалғасып, онда ортақ балаларымыз бар ғой, солардың болашағы үшін екеуміз дос болып қалайық, бірақ өз жолымызбен жүрейік деймін.

Зорлық-зомбылық қай уақытта басталды сонда? Қол көтеру?

- Зорлық-зомбылық болған емес. Оны Дана айтты, оны айтқаннан кейін бір дәлелмен жеткізу керек қой. Мен айтам, болған жоқ деймін. Жарайды, Дана болды дейді. Мен болған жоқ деймін. Екеумізді шетке алып қоя тұрайық. Зорлық-зомбылық болғанын дәлелдейтін құзыретті мекемелер бар ғой, сарапшылар бар, мед.қызметкерлер бар, дұрыс па? Солардан сұрайықшы, солар айтсын. 

Ал енді қараңыз, Марат мырза, сіз қол көтерген жоқпын дейсіз, ал енді елге жария болып кеткен мына видеоға келер болсақ, үйде барлығыңыз тұрсыздар, ұрысып тұрсыздар, бұл жерде сіз бас салып, оны сүйреп жатырсыз. Мұны қалай түсінуге болады? Оқиға болған уақытта сіздер бөтен адамсыздар. Біз, бөтен адамдар, видеоны көріп, сіздердің балаларыңызға жанымыз ашыды. Неліктен ана болып Дана, әке болып сіз балалардың психологиясын, моральдық жағдайын ескермей, сондай жағдайға бардыңыздар?

- Сіз интернеттен көріп, қатты әсер алдыңыз. Себебі үзінділер жіберді. Не болып жатқанын, қандай мән-жай екенін білмейсіз. Мен де тура сондай, сіз сияқты адаммын. Оны көретін болсам, мен де ойлайтын едім, бұл қалай болды, жараспайтын дүние ғой деп. Шын мәнінде не болғанын сараптап шығайықшы. Ол жерде қандай іс-әрекеттер болып жатыр? Біріншіден, интернетте мәлімет тарады, әкесі өз қызын сабап, мұрнынан қан ағызды деп. Маған дәл сол күні, 12 шілде күні сағат 4-терде менің балаларыммен кездесу тәртібін орнататын сот орындаушы хабарласты.

Сол бір үйді бөлісе алмай жатырсыздар ма? Солай ғой?

- Мені балалармен кездестіретін сот орындаушы шақырады. Сіздің балаларыңыз осындай қауіпте. Сіз әкесісіз, балаларыңызды алып кетіңіз. Мен жедел жетіп барамын, бірінші жетіп барамын. Дана…

Қандай қауіпте?

- Қауіп, білесіз бе, сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жазаға тартылады. Сол мәселелерін айтады. Біз мына жерде заңды іс-әрекеттер орындап жатырмыз. Бұл жерде құзыретті мекемелердің бәрі бар, ювеналдық инспектор бар, психологтар бар, мед.қызметкерлер, полиция бар. Осындай заңның аясында іс-әрекет жүріп жатыр. Сіздің балаларыңыз осы жерде. Негізі балалар бұндай жерде болмауы керек. Белгісіз себеппен олар осында. Келіңіз де, балаларды алып кетіңіз дейді. Мен барам, Данаға айтам, Дана, мына жерде сот орындаушылар, қателеспеу үшін екі сот орындаушы, бір сот орындаушы менің балалармен кездесу тәртібін орнатып жүр. Ол мұнда келген, себебі оны үйден мәжбүрлеп шығаратын сот орындаушы шақырған. Ол да өзінің заңмен көрсетілген құзыретімен жұмысын жасап жүр. Кәдімгі жұмысы. Жұмыс істеп жүр, жұмысқа бөгет жасап жатыр. Заңда көрсетілген, сот орындаушыға бөгет көрсетсең, сені қылмыстық жазаға тартады, соны маған жеткізеді. Сіз балаларды алып кетіңіз, сақтап қалыңыз. Жарайды деп балаларымды іздеп екінші қабатқа көтерілемін. Сөйтсем ол жерде үлкен қызым ауырып тұр екен, бір апта болған екен, тамағы ауырып, сөйтіп мед.қызметкерлер оны алып кетті. Данаға кішкентай балаларды мен алып кетейін десем, маған рұқсат берген жоқ. Рұқсат бермегені былай тұрсын, сәл қаттырақ сөйлеп, маған сен бұл жерде боссың дегендей әңгіме айтты. Жарайды дедім. Сот орындаушыға айттым, сіз көрдіңіз ғой, менің қолымнан келмейді. Алып кете алмаймын. Өздеріңіз іс-әрекеттеріңізді жасай беріңіздер деп мен кеткем.

Ол үйде Дана, сіздің балаларыңыз тұрып жатыр. Соншалықты оларды мәжбүрлеп шығарудың қаншалықты қанша, Марат  мырза? Ол үйде тұра берсе не болатын еді?

- Ол үй менің меншігім де, Дананың меншігі де емес.

Кімнің меншігінде? Сіздер сол үйде тұрдыңыздар. Дана айтады, осында тұрдық, осында балалар өмірге келді деп.

- Ол үйді 27 қыркүйек 2017 жылы әкем алып, сол үйге кірген қарындасымен бірге. Сөйтіп 2018-де қарындасым ол кезде басы бос болған, тұрмысқа шығады. Әкем жалғыз қалғаннан кейін балаларына ұсыныс жасайды, қарындастарың ұзатылды, менің қасыма қайсың келесің деп. Өз арамызда талқылап, біз барамыз деп Дана екеуміз келісім бердік. Сөйтіп 2018-де сол жерге барғанбыз көшіп. Оның алдында пәтерде тұрғанбыз. Сол үйде тұрып жатырмыз. Мүліктің иесі менің әкем. Біраз уақыт өткеннен кейін әкем бөлек пәтерге шығатынын айтты. Біз сол жерде қаламыз. 2020 жылы пандемияда, иә, Дана екеміз бала-шағамызбен сол жерде тұрамыз. Мынадай наразылық туындайды. Содан кейін мен Данаға айтам, ондай болса, өз жолымызбен жүрейік, 2020 жылы қаңтар айында әкем сендер осы жерде тұрып жатырсыңдар ғой деп маған сыйлайды ол үйді. Мүмкін Дана білген жоқ, егер ол үйді маған әкем сыйласа, ол үй бөліске жатпайтынын. Себебі ол маған сыйланған мүлік қой. Сөйтіп Данамен сөйлесіп тұрғанда, әркім өз жолымен жүретін болсақ, мен осы үйдің иесімін, онда теңдей бөлісейік, сен өз пәтеріңді аласың, қалаған пәтеріңді ал, мен өзіме пәтер алайын да, өз жолымызбен жүрейік. Бірақ ортақ балаларымызды өсіру үшін екеуміздің күш-жігерімізді қосайық деп. Оған ол жауап бермейді.

Марат мырза, мен түсінем, бөлісу керек. Бірақ сол уақытта балалар сол үйде өсіп жатыр, үйреніп қалды. Мектепке, балабақшаға бару. Сол үйде тұруға мүмкіндік беруге болмай ма? Міндетті түрде бөлісіп, бір-бірлеріңіздің шашын жұлып, осындай деңгейге жету керек пе деп ойлаймын.

- Иә, келісемін, әрине, болады. Егер екінші тараптың келісімі болса, зорлап сіз оған меншікті аудара алмайсыз. Жай босауыз болмау үшін өзімнің дәлелімді дәл қазір студияда көрсетсем бола ма? Менің телефонымда Дана оны естімегеннен кейін оның бауырына жіберген хабарламаларым бар. Аудио хабарламалар, мына мүлікті алып кетіңдерші, өздеріңнің меншіктеріңе алып кетіңдерші, маған тиіспеңдерші деген. Дана айтса, айтқан сөзіне дәлел келтірсе жарасар еді. Мен мүлікке қатысты өз пікірімді жеткізуге рұқсат етіңізші. Қараңыз, 30 тамыз 2021 жыл. Міне, Дос Әтешов деген ағасы бар. Менің құрдасым. Кезінде жақсы қарым-қатынаста болғанбыз. Сіздерге көрініп тұрса, қараңыз, 28 тамыз 2021-ден басталады.

Аудио: “Дос, рахмет үлкен, очень ценю, что есть ты, здравомыслящий. Как я раньше говорил, сегодня утром ты же вариант предложил на тебя оформить да, дом для детей. Я за. Машину, джип, крузак комфорт 3. Все на тебя, завтра оформить нотариално. Сегодня просто День Конституции. Никто не работает. Потом доверенный нотариусқа айтып қойсаң, соглашение подготовить. Чтобы я с Даной не выходил, Дана тоже пусть зеркално не выходить, если что-то нужно давай через тебя. Потом очень большая просьба, если есть возможность в соглашении отразить то что… как сегодня допустим заехал, вчера же написал может я заеду деп. Хорошо деген. А сегодня приехал, не разрешила. ну, ладно, что она разрешала, пусть дети живут с тем, с кем хотят, чтобы у них права выбора самих была. чтобы другие родители против этого не возражал. Ну, демократично чтобы было. Сол друг от друга как взрослые люди отошли, судили, как я предлагал, мирно, разумно… рахмет, Дос, онда хабар күтемін сенен”.

Аудио: “Со своей стороны максимально объективно подойди, пожалуйста. Сегодня утром Дана говорила, что оформили на Айсану, с ней, с Даной поговорил тоже, ертең чтобы тебя не обвинила. Но безразница, на тебя, на Айсану,  главное чтобы закрыть вопрос. А то скоро наверно год будет как я Дане предлагаю. Я же вариант говорил, давай дом продадим, и тебе, и мне квартиру, тогда она вариант говорила купить ей квартиру + одну квартиру, чтобы она в аренду сдавала. Я тогда сказал, хорошо, давай выбирай, видишь тогда она другие условия требовала, я и на этим согласился. Сегодня другие условия, на Айсану говорить оформи. Я при маме, мама Кенжегуль рядом была, я при ней сказал хорошо. Ол қоймай, айқайлап, ұрысып, балалардың көзінше неғылмай-ақ қойсыншы, жанжал, вообще қажет емес. Нет так нет, жарайды, үйі қалсын, просто өзі де білмейді ғой не керек екенін. Поэтому с ней согласуй, на тебя-то на тебя, на Айсану-то, на Айсану.

- Енді Дос маған жауап береді. “Мара, завтра приеду, лучше пообщаемся. Алла жазса, 15.00”

Бұл Дананың ағасы ғой, иә? Туған ба? Дананың атына берсеңіз не болады?

- Үйді атына алмай жатыр ғой. Үйді алмай жатыр. Мен нотариусқа барып, үйдің құжаттарын, автомобиль крузак оригинал құжаттарын нотариусқа барып, тастап кетемін. Сосын Досқа жазамын. “Дос, ассалаумағалейкум! Қалайсың? Келдің бе?” деймін. Себебі маған кеше келем деп айтты ғой. “Төмендегі құжаттар нотариустың қарауында. Бір өзің оқып шықсаң. Комфорт-3 Крузак толық Данаға пайдалануға беріледі. Барлығы заңның талабына сәйкес”. Нотариусқа қалдырып кетем осы құжаттарды. Досқа айтам: мынандай мекенжайда, осындай нотариус, алып кетіңдерші өздерің. Құжаттардың бәрі сонда, мен Дананың қасына жоламай-ақ қояйын, оригиналы да сол жерде. Бірақ бүгін кешке шейін. Мен айтам: алып кет бүгін, бүгін бітір. Себебі нотариустардың жұмысы келісімшартқа бүгін қол қоймасаң, ертең қол қоя алмайды.

Аудио: “Дос, как не принципиально? Послевчера она мне разрешила встретиться детьми, перевисался. Я утром приехал, она орала, орала… я не знаю куда-то. Я сейчас тебе видео скину, посмотри. Я говорю: хорошо, она меня не слышать, я говорю, хорошо мать рядом была. Хорошо говорю. Ну, сколько будет это продолжатся?”

Аудио: “Потом ты же тоже сказал мне, с ней невозможно разговоривать, ты мне сказал дай что она хочет. Вчера она сказала хочу джип. Дом отдай. Вот дом. Отпустите меня наконец-то адамша. Что такое”.

Енді үйді берем депсіз. Қазір енді “дай нам дом” деп тұр ғой.

- Сонымен ол үйді алмағаннан кейін, ол үйдің иесі менмін ғой. Мен айтам, менің атымда болмасын, алып кетіңдер деймін, алып кетпейді.

Ұлыңыздың атына неге қоя салмадыңыз?

- Маған үш вариантты айтты. Дананың атына деді, иә дедім. Үлкен қызымыздың атына деді, иә дедім. Дос менің атыма деді. Жарайды, келісемін. 100 пайыз. Өздерің шешіңдер. Мен мүлде өз өмір жолыммен жүрейін деймін. Сіз біреуді мәжбүрлеп, меншікті бере алмайсыз, егер ол өзі нотариустан келіп алып кетпесе.

Сонда гәп бұл жерде неде?

- Менде де сондай сұрақ. Не керек, айтқан нәрсеңді беріп жатырмын. Баспанам жоқ деді. Уақыты келгенде ұлымның атына пәтер алып, рәсімдеп қойдым. Данаға хабар бердім. Пәтер бар, анау үй маған қатысы жоқ. Оны әкем саған жоқ па, маған жоқ па, е жарайды деп басқа бауырымызға сыйлайды. Ол алып тұрғысы келеді ғой үйге. Сіз түсінесіз бе? Біздің мемлекетімізде бәрі заңның аясында болуы керек. Меншіктің иесі үйіне барып, тоқылдатып, Дана, кешір, мына үй менікі. Мен тұрайыншы дейді.  Мен айтам Данаға ал деймін. Өз аттарыңа алып кетіңдер деймін. Алмайды. Жарайды, алмайсыңдар ма, әкеме айтам маған да қажет емес деймін.

Оның себебі неде деп ойлайсыз? Неліктен олай жасады Дана?

- Қателесуім мүмкін, бірақ ойлаймын, интернеттің, инстаграмның әсері. Дананың өзі басқа жолмен жүріп кетті.

- Қандай жолда?

- Қоғамда жараспайтын қасиеттердің бәрін менің мойныма іледі. Тоғыз жыл мені ұрып, мәжбүрледі дейді. Маған айтпай ажырасып кетті дейді. Осы екі тұжырымды талқылап көрейікші. Егер тоғыз жыл оны сабайтын болсам, ол ажырасып кетпей ме? Данамен сөйлесіп жатқанда айтам, 100 пайыз, қалай осы күнге дейін сенің жағдайыңды жасап жүрдім, ештеңе өзгермейді. Ол жай сөз емес, мен оған ресми түрде хат та жазам, себебі ол естімейді ғой, тыңдамайды, ресми түрде хат жазамын. Ол хатты мен өз парақшамда жариялауға мәжбүр болдым алдыңғы күні. Оған жолдаған хатым 3 ақпан 2021 жылы. Ол хатта мен көрсеткенмін, Дана, енді осындай болады енді, екеуміз екі түрлі адамбыз, саған ешқандай өкпем жоқ. Рұқсат етсең, менің ойым мынандай: біріншіден, ең маңызды дүние – балалар. Балаларды арамызда сақтап қалайық. Оларға осындай қарым-қатынас жасайық. Екінші мәселе – баспана. Баспана бойынша менің ойым - мына үйді сатып, елу пайыздан екеуміз теңдей бөліп алайық. Сен пәтер аласыңғ мен пәтер аламын. Үшінші, сенің машинаңның жағдайы. Төртінші, балаларды қамтамасыз ету 100 пайыз менің мойнымда. Қандай іс-әрекет жасау керек, рәсімдеу керек пе, еш қиындық жоқ. Бесінші мәселе: Саған жүріс-тұрысыңа, мен оған талай ұсыныс жасағанмын, сен тек айтшы, сенің бөлек шығындарыңа не қажет деп. Сосын бағана аудиода да тыңдадыңыз ғой. Бір кезеңде ол айтты менің жүріс-тұрысыма жеке пәтер болса, соны жалға беріп, күнімді көрем деді. Мен айттым жарайды ол да болсын. Таңдашы дедім. Соны алайық та, сенің атыңа заңдастырып қояйық дедім. Енді Дананың атына заңдастыру мәселесін қарастырыңыздар өзіңіз де. Факт-чекиң деген бар құжаттармен. 26 желтоқсан 2012 жылы Дана өз меншігіне бір бөлмелі пәтер алады. Біз үйленеміз 18 ақпан 2013 жылы. Сөйтіп ол пәтерін ол 2022 жылы 25 қыркүйекте сатады. 2012 жылы алған пәтерін 2022 жылы, 10 жылдан кейін сатады. Интернетке шығады: Мен Маратқа мүлікпен шыққанмын, сол мүлікті Марат сатып, құртып жіберді дейді. Сөз. Ол сөзге Дананың дәлелі болса, шығарсыншы. Менің сөзіме дәлелді мен шығардым. Не себептен деп ойлайсыз, 2022 жылы өзінің меншігіндегі мүлкін сатып жіберді. Мен ойлаймын, өкінішке қарай бір-ақ себеп. Өзінің атында меншік болғаннан кейін оны жоқ қылу керек. Сонда менің атымда ешқандай меншік жоқ, Марат мені далада қалдырды деген әңгімені тарату үшін. Жарайды, мен оған айтам, дәл солай бола ма, 25 қыркүйек 2022 жылы пәтерді сатып жібереді ғой, сол жылы қарашаның соңы желтоқсанның басында бұрынғы жұмысым бойынша маған төлемдер түседі. Қазір алимент төлемей жүр деп әңгіме көтеріп жатыр ғой, сол төлемдерді мен 100 пайыз, ешқандай бөлшектемей-ақ, негізі заң аясында оған елу пайыз өтуі керек, мен жан-жақтан пәтер қарастырам да, бір-екі айда пәтерді тауып, ұлымның атына рәсімдеп қоям.

Алматыда?

- Астанадағы пәтер. Ұлы дала – Мәңгілік ел бойындағы тұрғын үйде 4 бөлмелі пәтер.

Жоқ енді соңғы шырылдап айтып отырғаны “Мына үйде тұрайықшы” деген өтініші болды Дананың. Сол өтінішке келісуге мүмкін болмады ма?

- Әрине, болды. Енді менің тарапымнан не істеуім керек еді? Мен нотариусқа (қайталасам да) құжат қалдырып кетемін, құжатты алып кетпейді. Ешқандай жауап маған бермейді. Зорлап олардың атына аудара алмаймын. Себебі мен қол қойып кетемін. Арғы тараптан келіп қол қойып кетпесе, меншік өтпейді. Мен беріп жатқан дүниені алмаса, сіз біреуді зорлап, алдыра алмайсыз.

Марат мырза, дәл қазір сіз осы үйді Данаға беріп, енді меніңше, сіздердің мақсаттарыңыз бір-бірлеріңізді отырғызып, қаралап, елдің алдында абыройдан жұрдай болу емес шығар. Сіздер қазіргі жағдайда: Дана, көке,  міне, үй, міне, саған моральдық дей ме? Қалай болғанда да әйел адам ғой, балаларыңыздың анасы, қазақта еркек қашанда ірі болған. Сіздердің отбасыларыңызға баға беруге менің құқығым жоқ. Қазір сіздердің жағдайларыңызда медиацияға бару мүмкін бе? Үйді беріп, балаларды асырауды мойныма аламын деп, сондай шешімге келуіңіз мүмкін бе?

- Иә, мүмкін, медиацияға мен талай іс-әрекет жасағанмын, ресми түрде кемінде 3 медиатор оған барды. Мен ұсыныс жасадым. Арамызға біраз кісілер де түсіп, медиация жасатуға әрекет етті. Біреуін де қабылдамады. Олар біз Дананы түсінбедік деді. Халық арасында ірі жігіттің қасында бір бас төмен, қолдайтын әйел болу керек шығар. Егер оған бірдеңе ұнамаса, айту керек қой, не себепті оны анау инстаграмға айтады? Инстаграмға емес, қоғамға емес, маған айтпай ма? Мен оны далаға қалдырып жатқан жоқпын. Мен әлі де қамқорлығымды көрсетіп жатырмын. Егер маған мүмкіндік берсе, артымнан қудалап жүрмейтін болса, мен сол үшін толық жағдайын жасауға даярмын.

Сіз қазір қанша алимент төлеп отырсыз?

- Мен Астана қаласында жұмыс таппадым. Себебі интернетте қудалау төртінші жылға кетті. Жұмысқа орналасу іс-әрекетімнің бәрі сәтсіз болды. Себебі маған тікелей айтады: мынадай инстаграм қудалаудан кейін сізді жұмысқа ала алмаймыз деп. Содан кейін мен барып оқып келуге, жаңа мамандық алуға. Себебі бұрынғы кәсібім бойынша жұмыс маған табылмады. Қазір елімізге өзекті боылп отырған энергетика саласында баламалы энергия индустриясын зерттедім. Былтыр келіп, Данамен бір кездестім. Дана, енді бір жыл болды, сен қоятын шығар десем, әлі қоймапсың. Қоя салайық та, маған мүмкіндік берші. Сенің, балалардың жағдайын мен жасайыншы деп. Оны естіген жоқ. Үш жыл өтіп кетті. Әлі естіген жоқ. Қазір төртінші жылға кетіп бара жатыр. Одан кейін Астанадан жұмыс таба алмағаннан кейін қайтып, аймаққа кеттім. Аймақта жұмыс жасап жатырмын. Қазір аймақта мені жұмысшы ретінде алды бір шаруашылық жобада. Ол жерде қазіргі кездегі айлығым, жаңа жоба, былтыр басталған жоба, 100 мың теңге. Елу мың теңгесі Данаға кетеді. Мен бауырларыма рахмет айтамын, менің жақындарым мені қолдап, балаларымның шығындарын өздері төлеп, балабақшаға баратын шығындарын солар төлеп жатыр.

Сіз қазір 50 мың теңге алимент төлеп отырсыз ба?

- Иә. Балабақшаға 218 мың ай сайын төленетін ақшаны жауып жатыр менің баламның балабақшасын, мектепке баратын кезде 100 пайыз оқу құралы, киім-кешегін алып, даярлықты өткізгем. Былтыр өзім соның басында болғанмын. Әр қажетті кітап, витаминдерін – бәрін қамтамасыз етіп отырмын. Мен сенемін, әлі де бұл дау-жанжал басылып, менде мүмкіндік болады, айлығым көбейеді, сол айлығымнан, әрине, міндетті түрде бала-шағама жұмсамасам, қайда жұмсаймын мен? Дана айтты, Дана айтты дейсіз, жарайды, айтсын. Не мақсатпен айтып отыр, қандай дәлелі бар? Мен әр айтқаныма дәлелімді қазір шығарып жатырмын. 4 жыл шығарған емеспін, қазір мәжбүр болдым. Не себептен деп сұрайтын болсаңыз, оған жауап берейін. Мен негізі Данаға қарсы сөз айтқан емеспін. Төртінші жылға жалғасуда, кеше бес тәулік әкімшілік қамауда болдым, ол жерде ешқандай байланыссыз болдым, шықсам, менің балаларым әкемізді қолдаймыз деп видеоролик жіберген екен. Сол видеороликті көргеннен кейін мен қатты езіліп кеттім, өзім үшін емес, менің балаларым қалай қиналып, әкеміз абақтыда, қамауда деп қолдау көрсеткен екен. Жоқ, болмайды екен, елдің алдына шығайын, көрсетейін құжаттарды, жай сөз емес, дәлелдермен шығайын деп, мәжбүр болдым. Негізі Данаға қарсы іс-әрекет жасайтын ойым жоқ, түсінесіз бе? Енді бұл жерде балаларым арашалап, олардың мүмкін ойы болды, олардың да достары бар, мектепке барады. интернетте тарап кеткен дүние бар олардың әкелерін басқа жағынан сипаттайтын. Оның бәрі жалған, өтірік, ондай болған емес, біздің отбасымызда зорлық-зомбылық болған емес. Енді мына әкімшілік процес болып жатқанда бір сұрағым. Мені жауапқа тартқан бап ӘК 73 бабы, 1 тармағы. Ол жерде көрсетілген: Жанұяда балағат сөз, ыдыс-аяқты сындырып, жанжал шығарғаны үшін 5 тәулік әкімшілік қамауға алынады деп. Сот ісінде судья сұрады Әтешовадан. Қандай сөздерді Марат пайдаланды, қандай балағат сөздер айтты деп. Соған Әтешова Дана жауап берді: Марат ешқашан боғауыз, балағат сөз аузына алған емес деп. Сот процесінің аудио-видео жазбасын сұрап алыңызшы, сіз енді журналиссіз ғой. Менде енді сұрақ: Менің жазам не үшін сондай болды? Дана өзі куәгер ретінде отыр ол жерде, жәбірленуші ретінде емес, құжаттарда ол куәгер ретінде көрсетілген. Сонда мені не үшін жазалады?

Ал енді сіз Дананы сотқа берген екенсіз.

- Иә, сізге біреу шабуыл жасап жатса, сіз не істейсіз, қорғанасыз ба? Мақсатым – мәмілеге келу.

Сіз қазір Данаға не ұсына аласыз? нақты айта аласыз ба?

- Біріншіден, баспана. Екіншіден, балаларымның 100 пайыз шығынын өзім төлеймін. Үшіншіден, екеуміз мәмілеге келіп, ай сайын осының бәрін көрсетіп, төлемақыны белгілейік. Жай сөз емес, құжатпен.

Ал енді Дана: жоқ, ол пәтер маған керек жоқ, маған үй керек дегенді айтып тұр ғой, иә, сіз оған үйді бере алмайсыз?

- Жоқ дүниені қалай беремін? Ол үйді маған әкем сыйлаған қаңтар 2020-да. Сосын 2021-дің қыркүйегінде маған сыйлаған адамға мен қайтарып бердім.

Енді ол бөтен адам емес қой, туған әкеңіз ғой. Егер бүкіл ұрыс-керіс сол үй үшін болса, мен оны Данаға сыйла деп тұрған жоқпын.

- Ол үй қазір менің әкеме де тиесілі емес. Не себепті мүлік, мүлік деген мәселелер көтеріліп жатыр. Бұл жерде балалардың мәселесі көтерілуі керек қой. Соларға қамқорлық көрсетілуі керек. Сіз ойлайсыз ба балаларға мүлік маңызды деп? Меніңше, балаларға әке-шешенің жылы сөзі, көзқарасы, қолдауы қажет деп. Дәл қазір қоғамда болып жатқан жағдай: Дана өз еркімен, түсініксіз себептермен мені сондай қамқорлықтан балаларымыздың арасында айырып жатыр. Сот шешімі бар, ювеналдық сот шешімі бойынша балалармен кездесу тәртібі орнатылған. Не себептен сол тәртіп орындалмай тұр? Дәл қазір менің балаларымның жағдайын білмеймін. 18 шілде күні кешке таман абақтыдан шығып, бірінші сұрағым: менің балаларым қайда? Ешкім білмейді. 19-ы таңертең тиесілі мемлекеттік қызметкерлердің бәріне ресми түрде хат жібердім: Менің балаларым қайда екен? Оларға психологиялық қолдау қажет шығар. Сараптама жүргізу керек шығар. Мен даярмын, маған мүмкіндік беріңіздерші деп. Менің ойлағаным балалардың жағдайы, Самал. Ал мүлік, мүлік деп жатқан сұрақтардың бәрін көтеріп жатқан адамдарға айтарым: Данаға жағдай жасауға мен дайынмын. Бірақ, бірінші, балаларыма қамқорлық жасауға мүмкіндік беріңіздерші. Дәл қазір менің балаларым қайда? Дана өз пәтерін сатып жіберді. Олардың жүріс-тұрысы қандай?

Ал сіз балалар құқығы жөніндегі Динара Зәкиеваға хабарласқан жоқсыз ба?

- Биыл ақпанда хабарласқанмын. Ресми түрде менің өкілім Жәнібек Бәкебаев инстаграмда, онда үндеу жіберген: Мараттың балалары бойынша осындай жағдай болып жатыр. Динара Зәкиевадан тыс, басқа кісілерге де, мекемелерге де жібергенмін.  Себебі ресми түрде жауап бермегеннен кейін ақпан айынан бері шырылдап айтып жүрмін. Дана инстаға шығып, балалар далада қалып бара жатыр дейді. Ол жалған ақпарат. Міне, құжаттар. Мені балаларыма жолатпай, бөгет болып жатыр. Сіз араласып, осы дауды тоқтатыңызшы. Балалармен айналысатын сіздер ғой деп. Ресми түрде әкімшілікке де хат жазғам, себебі әкімдік қарамағында балаларды қорғау бөлімі бар. Полицияға да хат жазғам. Оның бәрі менің телефонымда бар. Сосын Астана қаласының балалармен айналысатын өзінің өкілі бар. Сол кісіге де жазғанмын. Сондағысы: Балаларға әкесі қамқорлық көрсетем десе, біздің қоғамда ол шеттетілген, ешкім көмектесе алмайды. Менің қазір көріп жатқан күнім сол. Ешкім көмек көрсете алмайды. 19 шілдеде тағы да бәріне бір жазып шықтым. Біреуінен жауап келген жоқ.

Маған әлі күнге дейін түсініксіз, сіздің сол уақытта полиция жаңағы бәрі тұр. Балалар жылап жатыр. Сіз Дананы сүйреп…

- Сізге сот орындаушы хабарласады. Қазір мәжбүрлеп үйден шығару процесі өтіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып кетуі мүмкін. Қылмыстық іс қозғалмауы үшін іс-әрекет жасаңыз, балаларыңызды да алып кетіңіз, бұрынғы келіншегіңізбен мәмілеге келіп, қолмен алып кетіңіз. Жарайды деп мен іс-әрекетімді жасаймын. Эмоцияға берілемін.  Үйдің ішінде шулап жатқан, айқайлап жатқан Дана сыртқа шыққаннан кейін тынышталып қалып, менің құлағыма сыбырлайды: “Мен өз мақсатыма жеттім. Сен тікелей эфирдесің. Мен сені инстаграм арқылы жермен-жексен қылам” дейді. Тынышталып қалған, бағана ғана үйдің ішінде айқайлап жатқан кісі. Сонда мақсат неде? Жарайды, жермен-жексен қылса, мен кіммін? Бөтен адам емеспін.

Жарайды, Дана өзіне жауап береді. Сіз неге оны сүйредіңіз?

- Түсіндірдім ғой, қылмыстық іс қозғалып кетпесін деп..

Қандай себеппен қылмыстық іс қозғалып кетуі мүмкін?

- Сот орындаушысына бөгет жасағаны үшін.

Айтпақшы, Дана сізді, Астана финанс арқылы бүкіл туыстарына пәтер алып берді деп айыптап отыр.

- Иә, бұны да талқылайық. Сөз. Дананың сөзі. Құжаттар бар ма, жоқ па? Құжаттар бар болса, жарияласын. “Астана финансқа” келетін болсақ, мен ол жерде қызметімді 2015-те тоқтатқам. Не пәтерлер, қандай пәтерлер, Дана менің өмірімде қандай сынақ көрсетпеді? 9 жыл ұрып-соқты, жасырын ажырасып кетті деп. тағы бір қызық дүние, кеше естідім. Бір эфирде былай айтыпты. 2013 жылы Маратқа тұрмысқа шығып жатқанда, мен ЗАГС бөліміне ешқандай өтініш берген жоқпын деп тұрмыс құруға. Сонда қалай? ЗАГС қызметкерлері оны зорлап, маған тұрмысқа шығарды ма? Сосын, 2020 жылы ажырасқан кезде, мен ажырасуға өтініш берген жоқпын, бәрін ұйымдастырған Марат дейді. Жарайды, мен өз парақшамда фейзбукта Дананың өз қолымен қол қойған хаттамасын, өтінішін сотқа жүгінген, 16 қазан 2020 жылы Дана өзі сотқа жүгінген. Мен дәлелмен айтып жатырмын, ол жерде көрсетілген: Ешқандай мүліктік наразылығым жоқ, балаларымен қарым-қатынас жайлы мәмілеге келгенбіз. Менің ажырасу өтінішімді қанағаттандырсаңыз дейді. Сонда қалай? Дананың айтуынша, мен оның сыртынан жасырын үйленеді екем және жасырын ажырасады екенмін. Басқа сыятын дүние ме?

Марат мырза, егер сіз бір қарапайым емес, үлкен компанияда басқарушы қызметте болған адамсыз. Бәлкім, қарапайым мұғалім болсаңыз, бұл резонанс тудырмайтын ба еді. Дегенмен тағы да бір айтып жатқан дүниелер: ел басқарған үлкен ер азаматтар отбасында әйелімен тіл табыса алмай осындай үлкен қақтығысқа барса, бізде бұл етек жайып бара жатыр ғой, сонда шынымен де біздің үлкен қызметтегі азаматтарымыздың отбасындағы жағдайын шеше алмаса, басқа қандай мәселені шеше алады деген де сұрақтар туындап жатыр.

- Менің артыма түсіп, қудалағаннан кейін, лауазымды қызметте жүргенде 17 ақпан 2022 жылы өз өтінішіммен қызметіммен қош айтысқанмын. Себебі Данаға қой деген ұсынысыма ол қоймайды. Дәл сол менің еңбегімнен Дана айлық алып, күнін көріп жүр. Өзі жұмыс істемейді, мен айтам: Дана, сен алиментке беріпсің. Жарайды, ол сенің құқығың. Мынаны қара. Заң бойынша сен алимент ретінде менің айлығымның 50 пайызын аласың. Бірақ мен жалғыз тұрам ғой ол заманда. Менде ешқандай аса шығын жоқ. Сондықтан мен сенің үлесіңе елуден аса шығындарды тізбектеп көрсеткем, мен соның бәрін жауып жатырмын. Егер сен елу пайыз алатын болсаң басқа шығындарды жаба алмайсың. Басқа табыс көзің жоқ. басқа табыс көзің болса, беймарал. Бірақ рұқсат берсең, бұрынғыдай шығындарыңның 100 пайызын мен жабайын. Тек дауыңды тоқтатшы деп. Оған көнбейді. Одан кейін тура сіз айтқан оймен онда лауазымды қызметте жұмыс жасай алмаймын деп жұмыстан бас тартқанмын. Мен өзімді қарапайым адам деп сезінемін қай жерде жүрсем де. Мен ондай қызметке өз біліміммен келген азаматпын. Қазір қарапайым қызметтемін, маған еш қиындық жоқ.

Қазір тұрып жатқан пәтеріңіз 100 кв деп отырсыз, алған пәтерім 122 кв дедіңіз. Оның барлығы сізде декларацияланған ба, қандай қаражатқа алынған пәтерлер.

- Балама алған пәтәр, оны қараша-желтоқсан 2022 жылы бұрынғы істеген қызметімнен сыйақы түскеннен кейін 10 жылға несие ретінде рәсімдегенмін. 18 ақпан 2023 жылдан бастап сол пәтер менің баламның атында. 2021 жылы заңға өзгеріс енгізіп, пенсия қорында жиналған ақшаға пәтер алуға мүмкіндік берді ғой, соның пайдасы тиді.

Сонда сіздің бүкіл жинағыңыз бір пәтер сатып алуға жетті ғой?

- Толық сома емес, бірақ қомақты сомасын төлеуге жарады.

Ал қалған сомасын?

- Оны қазіргі жұбайым екеуміз келісіп, мәмілеге келіп, ол да өзінің пенсиялық қорындағы ақшаны қосып, екеуміз сол жерде өмір сүріп жатырмыз.

Ол пәтер кімнің атында, сіздің атыңызда ма?

- Жоқ, жұбайымның атында. 16 маусым 2022 жылы Инстаграмға мен анау ұсыныс жасаған джиптің ішінде жылаған сияқты болып, әртістік мәнерде шықты. Маратта зауыттар, параходтар, оффшор есепшоттары, қаржысы орасан көп деп. Жай бос сөзбен. Еш дәлелсіз. Сосын мен оған наразылық білдіремін. Дана, не үшін оны жасап жатырсың? Мақсатың қандай? Мен ойлаймын сонда, есіңізде болса, мен ұсынған үйді ол алмады ғой, машинаны да алмады. Мен ойлаймын, олар жанұясында талқылап, Маратты мәжбүрлеп, оған бауырлары көмектеседі, бәрінен ақша, мүлік жинайық деп, сөйтіп қабылдамады-ау деген ой туындап жатыр. Себебі аз алып қаламыз, Марат беріп жатқан үйі аз, тағы да туысқандарынан алайық деп, мүмкін сондай әрекет жасады. Себебі ешқандай оффшор да, зауыт та, параходтар да жоқ, бірақ ол интернетке сүйтіп шықты. Енді қараңыз, мен ана джипті өзім ұсыныс жасадым ғой бағана телефоннан көрсеттім, Досқа айттым: Сен барып, сенімхатты ал, Дана барып өзі рәсімдеуге келмесе, сенімхатты ал да, Дос, сөйтіп Дананың атына машинаны аударып алып кетіңдер деп. Оған ол келіскен жоқ, бірақ сотқа шағым беріп, сот арқылы сол машинаны алып кетті.  Сот қарастырды да айтты: сендердің бұрынғы өмірлеріңде екі машина бар, бір машина Ланд крузер, екіншісі – мерседес. Мерседесті Мараттың меншігіне қалдырамыз. Джипті Данаға береміз деді. Сөйтіп Дана оны не істеді? Дана сот шешімінен кейін машинаны алды да, сатты. Сосын өз инстаграмына жазды. 23 млн-дық джипты саттым да, ақшаның бәрін адвокаттарға жұмсадым дейді. Мен де айтам, ол қалай? Балаларға жұмсайтын дүниені. 23 млн. ол қандай адвокаттар? Содан кейін менде ой туындайды. Оған берген мүліктің бәрін, қамқорлықтың бәрін сыртқа шашады ма деген күдік туды. Сосын. 2018, шілдеде, оның алдында насихаттап, менің өтінішіммен туысқандарым жиналып, Дананың атына 4 бөлмелі пәтерді сыйлайды. Астанада, итальяндық орамда. Шілдеде туысқандарым астанаға жинайды. Себебі бізде жанұялық үлкен мереке болады. Дәл сол кезде туысқандарымызбен бас қосып алайық, енді Дана біздің жанұямыздың мүшесі, Маратты қолдайық, жарайды, сыйлайық дейді, ол пәтер оған сыйланады ғой, 2018-дің шілдесінде. сосын ол пәтерде 2020 жылы қараша айында сатады, 16 қазанда 2020-ның сотқа шағым түсіреді бізді ажырастырыңыз деп. Егер мүлік сыйланса, ол мүлікке жатпайды. Сатады да, 2022 -де сотқа жүгінеді сол ақшаны Марат алып кетті, маған қайтарсын деп. Мүлік соныкі. Ол бөліске жатпайды заң аясында. Сот қарастырады да, кешіріңіз, ешқандай дәлел жоқ, сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмаймыз деп оған жоқ деп айтады. Сонда сыйланған мүлікті өзі сатады, сосын тағы да шағымданады ақша бер деп. Мәселе меншік, мүлікте болса, бұл жалған дүние деп оған түсіндіремін. Қажет емес, жағдайыңды жасаймын, маған тек мұрша бер деймін. Ол ойлайтын шығар, өстіп инстаға жалған ақпарат тарататын болса, қорқытып алам деп, түсінесіз бе? Себебі ешқандай дәлел жоқ, жай сөз.

Сіз ұялдыңыз ба осы…

- Әрине,  себебі Данаға түсіндіретін адам менмін, түсіндіре алмадым. Одан кейін туған ағасына айттым. Мен түсіндіре алмай жатырмын, бағанағы аудиоларды көрдіңіз ғой, сен түсіндіре аласың ба деп, ол да түсіндіре алмады.  Содан кейін Дана интернетке шыға бастады. Мен ойлаймын, мәселе әулет болып тұр ғой, бұл әулетте араласып, үн қосатын адам жоқ. Менің әулетімде бар, бірақ олардың да қолынан келмейді, себебі арғы тараптан оны тыңдайтын адам болмай тұр ғой. Толық келісемін сізбен, Мұндай жанұялық мәселе сыртқа шықпау керек. Бірақ кім шығарды? Мәселе сонда ғой.

Оқырман, біз Марат Әйтеновпен сұқбаттастық. Өткенде Дана Әтешованың сұқбатын, пікірін берген едік. Осы орайда айта кеткен жөн, өткен жылы елімізде 16800 адам ажырасқан екен. Елімізде соңғы 4,5 жылда 869 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған. 2086 адам әртүрлі жарақат алған. Сондықтан да арнайы заң қабылданды.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.