×
$
465.08
536.52
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
465.08
536.52
5.56

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғаған заңгер өз әйеліне қол көтерген

Бүгін, 13:43
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғаған заңгер өз әйеліне қол көтерген
Ulysmedia коллажы

Жетісу облысында Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне зорлық көрсеткені үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Толығырақ

Жетісу облысы Қаратал аудандық сотының қарауына түскен қылмыстық іс бойынша азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Қылмыс жасалған кезде ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін «Жанұя» Отбасын қолдау орталығында заңгер болып жұмыс істеген. Алайда жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға бағытталған кәсіби қызметіне қарамастан, өзінің жұбайына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған.

Сот үкімі

– Сот талқылауы барысында Қаратал ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысы оның кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен кінәліге 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді, – делінген хабарламада.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ер адам бұрынғы әйеліне қышқыл шашып, оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлаған едік. Күдікті сол күні Алматы қаласынан ұсталып, қамауға алынды.