×
465.28
499.2
5.33
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.28
499.2
5.33

ҰБТ-дан биыл ең жоғары балды кім алды

04.06.2024, 09:10
Коллаж: ulysmedia.kz.

Кентаулық түлек Айдос Қожанов ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 138 бал жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің сайты хабарлады. ҰБТ-дағы ең жоғары бал – 140.

Айдос Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейінде 10 жыл оқыған. Ал 11-ші сыныпта "Грант" мектебіне ауысқан. Болашақта ол математика пәнінің мұғалімі болуды жоспарлап отыр.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, биыл ҰБТ-ға қатысу үшін Түркістан облысынан 27 340 оқушы өтініш берген. Ғылым және жоғары білім министрлігі жұма күні 2024 жылғы ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялаған еді.

Тестті өткізушілер 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін еске салды. Тыйым салынған заттарды пайдаланып, ережелер бұзылған жағдайда тест нәтижесі жойылады.

Серіктес жаңалықтары