Жыл басынан бері елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері 10%-ға қымбаттады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Energyprom.kz мәліметінше, биылғы қыркүйектің алғашқы аптасында (31 тамыздан 7 қыркүйекке дейін) 19 түрлі түрлі өнімнен тұратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары аздап (0,2%-ға) арзандады. Дегенмен жыл басынан осы кезеңге дейінгі бағалар өсімі 9,7%-ды құрады.
Жыл басынан бері сәбіз бірден 48,5%-ға, пияз 30,2%-ға, күнбағыс майы 29,5%-ға, орамжапырақ 25,1%-ға, картоп 22,4%-ға, қарақұмық жармасы 15,7%-ға, тауық еті 15,5%-ға, қант 12,5%-ға қымбаттады.
Ал керісінше, жұмыртқа мен күріш бағасы жыл басына қарағанда сәйкесінше 5,1% және 8,1%-ға төмендеді.