×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

«Ресейсіз Қазақстан ұзаққа бармайды»: Қазақстанның путиншіл экс-депутаты айтқанынан қайтар емес

20.01.2023, 14:03
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдаған Азамат Әбілдаев кеше Мәжілістен, Ақ жол партиясынан қуылған еді. Бүгін sputnikKZ ақпарат көзіне берген сұхбатында ол көзқарасын тағы шегелей түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мен Украинадағы арнайы әскери операцияны, Путинді қолдаймын дедім, оныкі дұрыс. Мен бұны саналы түрде айттым. Ойлана алатын адамдардың бәрі не болып жатқанын біледі. Егер ұлтшылдарға ерік берсең, олар соғысқа апарып соқтықтырады. 

Ресейсіз Қазақстан ұзаққа бармайды. Егер ОДКБ болмаса, бұл күнде бізбен бірге Қырғызстан, Өзбекстан араб әлемі секілді өртеніп жатар еді. Бізге кім көмектесер еді? Ұлтшылдар өзінен басқаның бәрін жек көреді. Қазақстан – көпұлтты ел. Артынша не? Ізінше азаматтық соғыс болады. Украинада да осылай басталған. Олар да бәрі оңай болады деп ойлады: бір русофоб қыртып жүр деді. Ары қарай майдан болды», - деген сұхбатында Әбілдаев.

Бұған дейін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың өкілеттігін жойған еді.

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", - деген қаулы шығарды ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оның алдында депутат путиншіл көзқарасымен өткір сынға қалған. Кеше Ақ жол партиясы оны өз қатарынан шығарған еді.

Айта кетсек, «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өткен. Онда А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдаған.

Еске сала кетсек, Путинді қолдаған Қазақстан депутаты өткір сынға қалған еді. Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттыққа сұхбаты кезінде Ресей-Украина соғысында Мәскеуді қолдайтынын айтты. Оның сөзі НАТО мен Украинаны айыптай сөйлейтін ресейшіл пропагандамен үндес шыққан. Депутаттың сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ақ жол мүшелерін өткір сынап жатқандар бар.

Серіктес жаңалықтары