×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Әуежайлар маңына 100 мыңнан астам құрылыс нысаны заңсыз салынған

10.02.2023, 10:02
Фото: Ашық дереккөзден

Әкімдіктер Азаматтық авиация комитетінің рұқсатынсыз әуежайдың маңынан халыққа жер тарата береді. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Прокуратура жер-жерде əуежайлар маңында жерді беру кезінде заңның мыңдап бұзылғанын анықтаған.

Атап айтқанда «Әуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» заңына сəйкес əуеайлақтың бақылау нүктесінен 15 километр жақын қашықтықта тағам қалдықтарын тастайтын орындар, аң фермалары, қасапханалар, құстарды тартумен жəне олардың топталып жиналуымен ерекшеленетін басқа да нысандар салынбауы керек.

Осы тыйым-салуға қарамастан əуежайлардың əуеайлақ маңындағы аумақтарында құстардың тартумен жəне олардың топталып жиналуымен ерекшеленетін 350 нысан салынған.

Бұдан басқа, əуежайлардың жанындағы заңсыз қоқыс полигоандары да əуе тасымалының қауіпсіздігіне қайшы.

Мысалы, Алматы қаласының əуежай аймағында осындай 10-нан астам нысан жұмыс істейді.

«Ал Азаматтық авиация комитетінің мақұлдауынсыз Шымкент қаласы əуежайының 4 шақырымдық аймағында 1 303 нысан салынды. Осыған ұқсас фактілер еліміздің барлық өңірінде (Қостанай облысын қоспағанда) анықталды. Онда тиісті келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі құрылыс нысаны салынған», - деп хабарлайды бас прокуратура.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы қаласында Фоккер-100 ұшағы апатқа ұшырап, екіқабатты үйге соғылған еді. Әуе апаты салдарынан 12 адам қаза тауып, 47 адам жаралған болатын. 

Серіктес жаңалықтары