×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

«Бұрынғылар» мен «бүгінгілер»: Парламентке кім не үшін талпынып жатыр

10.03.2023, 15:56
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжілістің жетінші шақырылымының депутаттары екі жылдан кейін тарап кетті. Олардың жұмысын бағалағандар да, көңілі толмағандар да, мақтағандар да, даттағандар да болды. «Енді бұлар келмесін» деп ашуға басқандар да жоқ емес. Мәжілістің ескі құрамының ел ішіндегі репутациясы шатқаяқтап қалғанын уақыттың өзі дәлелдеп бермеп пе еді? Бірінші президенттің мақтауын асырып, кейін еш керек етпей бір-ақ күнде мәртебесінен де айырған солар болатын.

Парламент мәжілісінің 7-ші шақырылымын алдымен «Нұр Отан», содан кейін «Аманат» партиясының бөлімшесі деп атауға болады. Сол себепті ондағылар бірыңғай партиялық дауыспен үн қосып, Назарбаевқа мақтау сөзін арнап жататын.

Қайтып келу үшін кетті...

Әйткенмен, партиялық тізімді қарасақ, сол баяғы таныс адамдар жүр.

Мәселен, қарағандылық журналист Ботагөз Омарова өзінің Facebook парақшасында бұрынғы депутат Рауан Шаекиннің жаңа Мәжілісте не істейтінін сұрап, дал болады.

Рауан Шаекин бұған дейін төрт шақырылымды «бастан өткерген». Омарованың пайымдауынша, бұл уақыт бір адамға едәуір жеткілікті. Ол өз сөзінде бес адамның өмірін жалмап кеткен Көкпектідегі дамбының жарылуын еске алады.

«Мен фактілерге негізделген пікірімнен қорықпаймын. Ол кісі «ат үстінде» мәжілісмен креслосында отырып, билікте болған кезінде оған бәрібір-тін. Енді қазір оның командасы Шаекинді режиммен күрескен батыр етіп көрсеткісі келеді. Шаекиннің депутат болуға моральдық құқығы жоқ», - дейді Ботагөз Омарова.

Блогер Шаекиннен парламентте болған кезінде не істегенін сұрап, ол өз сұрағына тағы бір сұрақ белгісімен жауап береді.

«Өзекті мәселелерге қатысты нақты ұстанымды көрсеткеніңіз мүлде есімде жоқ. Сіз аграрлық комитеттің мүшесі болдыңыз. Сіз жанармай бағасын бір рет айттыңыз ба өзі? Бірде-бір рет фермаларға бардыңыз ба? Әлде қаңтар айында халықпен бірге болдыңыз ба? Бәлкім, мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты заңнаманы өзгерттіңіз бе? Әлде сіздің есепшотыңызда депутаттық сауалдарымен бірге салмақты депутаттық тергеулер бар ма? Сіз сайлаушылармен кездесулерге барып көрдіңіз бе? Біздің облыс үшін не істедіңіз?» - деп сұрайды ол.

Қарағандыдан қарағанда

Қарағанды сайлаушылары үшін таңдау «өте қиын» болып тұр. Таразының бір жағында Рауан Шаекин, екіншісінде – Арман Қалықов тұр.

Арман Қалықовтың есімі «арселордың» Ленин атындағы шахтасында апат болған кезде бүкіл елге шыққан. Арман Қалықов көмір департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Сол тұста бес кеншінің өлімі тіпті мемлекеттік қызметкерлердің де жүрегін «елжіретіп» жіберген-тін – олар барлық қатысы бар адамдармен күресіп қана қоймай, оларды жазалауға да уәде берген. Қайтыс болғандар жерленді, тергеу жарияланды, олар тіпті АМТ-ны мемлекет меншігіне беру мәселесін көтеруге уәде берді. Жаңа жылға қарай қайғылы оқиға ақпараттық алаңнан жоғалып кетті де, ал Қалықов басқа қызметке ауысып кетті.

Ол парламенттік сайлауға «өз бетінше» қатысып жатыр, ал оның артында тұрған ArcelorMitall жоқ сияқты. Бәлкім, адам жан түршігерлік жиілікпен көз жұматын салада заң деңгейінде тәртіп орната алатын Қалықов депутат болуға ынталы шығар?

Қалықов 1991 жылы Ленин атындағы шахтаға қызметке келген. Ол тоқтауда жерасты кеншісі болып жұмысты бастап, 2015 жылы осы шахтаның директоры болды. 2021 жылдың 3 қарашасында жарылыс болған кезде ол көмір басқармасының бастығы еді.

Еске сала кетейік, төтенше жағдайдан кейін министр Ильин «шахтадағы өндіріс жұмысында жеткілікті деңгейде бақылау жоқ» деп мәлім етіп, кеншілердің өліміне кінәлілерді атаған еді.

«Ленин атындағы шахтаның басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері, көмір департаментінің директоры Арман Қалықов және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир», - деп хабарлады Ильин.

Ал осының бәрі... парламент сайлауына түсумен аяқталды. Ал Қалықов кеншілердің өліміне кінәлілердің тізімінен парламентке кандидаттар тізіміне өте шықты. Лакшми Митталға парламенттегі адамы керек пе деп қаласың...

Павлодарда «кімді сайлағалы жатқанымызды білмейміз» дейді

Ал павлодарлықтар кандидаттарға бай, шіркін. Бірақ арасындағы Бақытжан Жақсалиев деген кандидаттың есімі таңғалдырады. «Біз жақтан ба өзі?» деп сұрайды сайлаушылар.

Бұл есім еліміздің ақпараттық тарихына жазулы тұр. Ол 2018 жылы сол кездегі Энергетика министрі Бозымбаевтың орынбасары ретінде жемқорлыққа қатысты айыпталып, үйқамаққа алынған-тын. Ол «Аймақ және К» мердігер ұйымымен сөз байласты деген күдікке ілінген. Тергеу деректері бойынша «2015 жылы Щучье-Боров аймағындағы көлді тазарту кезінде орындалған жұмыс көлемі асыра бағаланған, актілерге заңсыз қол қойылған және Жақсалиевке «мемлекетке 2 млрд теңгеден астам айыппұл салған».

Ол тұста Бозымбаев қамауға алуды «өкінішті түсініспеушілік және қатты күйзеліс» деп атады, бірақ агенттік талаптарын сот-медициналық сарапшылар растағанына қарамастан, процес барысында айыптау актілерінің күл-талқаны шығып, сот 2,7 млрд теңгенің жымқырылғаны расталмады деген тоқтамға келді. Айып алынып тасталды.

«Келтірілген залал мөлшерін анықтайтын сараптамалар өрескел заңбұзушылықпен жүргізілген. Зерттеу жүргізген сарапшы заңды өрескел бұзғаны үшін сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензиясынан айырылды», - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Жоғалған ақшаға ешкім сұрау салған жоқ. Ал Жақсалиев министрлікке оралмады. Сот шешімі жөнінде тіс жармады. Тек қоғамдағы бастамадағы энергетикамен айналысып кете барды.

Сайлаушылармен кездесуде көрінбеген

Үміткер Ulysmedia.kz сайтының Павлодардағы тілшісіне еліміздің отын-энергетикалық орталығына жасалған іс-әрекеттен «жүрегі жылап» парламентке бара жатқанын түсіндірді.

Ол өзін «Инвестицияларға тарифтерді айырбастау» деген шулы бағдарламаның авторымын деп атайды. Әйтеуір Екібастұз ГРЭС-2 бойынша қоғамдық тыңдауларда сөйлегендердің қатарында болып шығады. 3-энергетикалық блогын салуды жақтайды. Жаңа ГРЭС4 салуды талап етеді және барлық жерде АЭС құрылысын жедел қолға алу керектігін дәлелдеуге тырысады.

Жаңа есімдерден кім бар?

Мәселен, Айдарбек Қожаназаров өз партиясының сайлауалды науқанына ақшасын аямайды. Әйтсе де ол да Respublica-дағы жолдастары сияқты ол табысты адам, дәулетті кісі. «Біз кәсіп ашуды ұйғардық – аштық, саясатқа араласқымыз келді – партия тіркелді». Алдындағы есік ашыла береті Respublica-ның «мықтылығына» кім күмән келтіреді?

Айтпақшы, бұдан бұрын қанша тырысса да Бэлла Орынбетова бастаған белсенділердің Respublica атты партиясын билік тіркемей қойған. Алайда жаңа «республикалықтардың» алдында мұндай кедергі болған жоқ.

Көшбасшы Қожаназаров өзін аграрлық және ауылшаруашылық өнімін өндіруші деп атайды. Расында да, ол 26 жасында-ақ «Олжа» холдингін басқарған. Көп ұзамай тағы бір ауыл шаруашылығы төрағасы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі басқарма төрағасының орынбасары тағын қабылдады. Ол келгенде холдинг бірден 99,3 млрд теңге көлемінде рекордтық шығын көрсетті. Ол тұста үкімет мұны теңгенің «қалқымалы» бағамға көшуімен байланыстырды.

Ал Қожаназаров холдингте бір жыл отырды да, «Астана» ӘКК бастығы болып шыға келді.

Дұрыс жолмен кетіп барасыз...

Бұл құрылымды 2016 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың желтоқсанына дейін қысқа уақыт басқарды. Ал 2020 жылы астаналық тексеру комиссиясы тексеру қорытындысын жариялады. Инспекторлар 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықты қамтып, көптеген заңбұзушылықтарды анықтады. Осы уақыт аралығында «Астана» ӘКК-нің экономикалық шығыны 1 629 688 000 теңгені құрағаны белгілі болды. Ұйымның жұмысы қанағаттанарлықсыз, ал алға қойылған мақсаттар орындалмаған деп аталды. Бұл сәтсіздікке Айдарбек Қожаназаровтың қосқан үлесі қаншалықты зор екенін бағалау қиын.

Содан кейін ол «Иволга-Холдинг» серіктестігінде тағы бір шаруаға басшылық қызмет атқарды. Компания Қожаназаровқа дейін қазақстандық байлардың бірі Василий Розиновке тиесілі еді. Алайда оның компаниясы жойылып, соның негізінде «Олжа Агро» құрылды, оны әлі күнге дейін Қожаназаров басқарады.

2022 жылдың тамызында «Атамекен» ҰКП Қостанай облысында тауар өндірушілер қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады. Жаңа бизнесті кімге сеніп тапсыруға болар еді? Әрине, оны тәжірибелі, игі міндеттері бар ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – ҰКП облыстық кеңесінің төрағасы Айдарбек Қожаназаров басқарды.

Бизнесмендерде мынадай ғұрып бар. Қожаназаров барған жерге қалың тексеру мен карьералардың құрдымы ере келеді екен. Ол жұмыс істеген «Астана» ӘКК, Қазагро, Иволга – бәрі түбінде шекесі қызбаған.

Ал Қожаназаров өзін ауылдың қарапайым баласы деп атап жүр. Бірақ осынау ауыл баласының өмір жолында Мұхтар Әбіләзов, Қайрат Сатыбалды секілді ірі бастықтар кездескеніне қарағанда, жолы болған ба дерсіз.

Ауылдың баласына кім көмектесті?

Қожаназаров жас кезінен-ақ өте табысты мансап жасады. Сонау 2006 жылы оған Мұхтар Әблязов қамқорлық жасаған-тын. БТА банкінде ол «ислам банкингімен» айналысып, Қайрат Сатыбалдымен жақын адам болды, тіпті БАӘ бизнес қауымдастығымен байланыс орнатқанын БАҚ-та жазған. Іс жүзінде банктің БАӘ-дегі өкілдігі ол үшін және оның Қазақстаннан қаражат алу жобалары үшін арнайы құрылған.

Әбләзовтың заманы өткеннен кейін Қожаназаров Қазагро бастығының орынбасары қызметіне келді.

Жоспар бойынша «ҚазАгро» елді арзан әрі сапалы азық-түлікпен толтыруы керек еді, бірақ оның орнына қарыздар мен шығындарға батты. Мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінгендердің қатарында еліміздің түкпір-түкпіріндегі Аграрлық несие корпорациясының басшылары мен шаруалар да бар.

Аграрлық несие корпорациясы берген жалпы сомасы 958 миллион теңге несие қаражатын алаяқтық жолмен жымқыру фактілері бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды. 2015 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті Қожаназаров бақылайтын құрылымға 30 миллион теңге айыппұл салған.

Серіктес жаңалықтары