×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Гүлмира Сатыбалды: Бәрін беруге дайынмын, мені үйге жіберіңіздерші

21.04.2023, 15:58
видеодан кадр

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды сотта кәсіпкер Тұрсен Алагөзов таққан айыптар бойынша кінәсін мойындамады, бірақ бостандыққа шығу үшін сұралған залалды өтеуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Жоғары мәртебелі сот, мені үйге жіберіңізші. Бәрін беруге дайынмын, маған ештеңе керек емес. Мен бәрін кешіремін. Баршаңызды айт меркесімен құттықтаймын. Қазір Рамазан, мұсылмандар үшін қасиетті ай. Өтінемін, мен ешкімге ренжімеймін, мен жай ғана үйге барғым келеді", – деді Гүлмира Сатыбалды судьяның бизнесмен Алагөзовке келтірілген залалды өтеу туралы сұрағына.

"Мен жасырған жоқпын, бірінші күннен бері бәрін беріп, үйге барғым келді. Мен анамын, әжемін, немерелерімді сүйгім келеді. Алагөзов бүгінгі күнге дейін бәрімізді ақымақ қылып келді. Мен әлі де бас тартпаймын (залалды өтеуден –  автор)", - деді ол.

Десе де, ол залалды өтеу ниеті кінәні мойындау емес екенін атап өтті.

"Бұл менің кінәні мойындағанымды білдірмейді, Мен Алагөзов таққан айыптар бойынша кінәмді мойындамаймын, онда рейдерлік әрекет болған жоқ, физикалық та, моральдық та зорлық-зомбылық болған жоқ. Мен жай ғана үйге барғым келді", - деді Гүлмира Сатыбалды.

Ол GALANZ bottlers акцияларын (бұрын Алагөзов иелік еткен) иелерінің еркі бойынша сатып алғанын қосты.

Қорғаушысы Гүлмира Сатыбалдының бизнесменге компаниялардың 43%-дан астам акциясын қайтаруға дайын екенін айтты.

Еске салайық, 14 наурызда Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.

Айта кетсек, бұдан бұрын  Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешова өтемақы ретінде 760 млн теңгеден астам ақша сұрады. Ол Гүлмира Сатыбалдының бұйрығымен қалай ұрланғанын егжей-тегжейлі айтып берген болатын.

Алайда Мекешова кейіннен талап арызынан бас тартты.

Ал кәсіпкер Алагөзов Гүлмира Сатыбалдыдан 6 миллиард 985 миллион теңге шығын және 5 миллиард теңге мөлшерінде моральдық шығын өндіріп алуға ниетті.

Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Серіктес жаңалықтары