×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Самат Әбіш қайда жүр – ҰҚК жауап берді

15.05.2023, 12:15
Самат Әбіш қайда жүр – ҰҚК жауап берді
gov.kz

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Қаңтар оқиғасына дейін ҰҚК басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Самат Әбіштің жағдайы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бұл мәселеге түсініктеме беруге менің құзыретім жоқ. Құқық қорғау органдары басшыларының әрекетіне құқықтық бағаны Бас прокуратура берді. Істі ведомствоаралық жедел тергеу тобы тергеді", - деді ол.

Самат Әбіштің қазір қайда екені жайлы тілшілер сұрағына ол қысқаша жауап берді:

"Мен білмеймін".

Қалқабаев оның ҰҚК бақылауында емес екенін жеткізді.

"Мен түсініктеме бере алмаймын. Ол кетіп қалды (жұмыстан-ред.). Қателеспесем, ақпан айында кетті. Сіздерде бәрі бар (ақпарат-ред.). Ол Қазақстанда шығар. Біз оны бақылап жүрген жоқпыз. Ол Қазақстан азаматы. Қазақстанда жүре алады", – деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, ресми мәліметтер бойынша, Самат Әбіш 2022 жылдың 17 қаңтарында қызметінен босатылды, бұл уақытта комитеттің барлық басшылық құрамы тергеу изоляторында болған. Алайда Мәсімовтің бірінші орынбасарына ешқандай айып тағылған жоқ.

2023 жылдың 24 сәуірінде сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті басып алуды насихаттағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.