×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

22.05.2023, 14:15
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Апелляциялық шағым түсірілді, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Іс «аса құпия» белгісімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп мәлімдеді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың 24 сәуірінде сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті басып алуды насихаттағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, Мәсімовтің экс-орынбасарлары А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Өсіпов 16, 15 және 3 жылға сотталды.

Сотталушылардың барлығы генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Серіктес жаңалықтары