×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары сотталды

24.04.2023, 17:48
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары А.Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Өсіповке үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу материалдарына сүйенсек, К. Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды.

Ал Ерғожинға билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды.

Марат Өсіповке билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бабы (ҚК 362-бабының 3-бөлігі) бойынша айып тағылды.

Сот шешімі бойынша  А. Садықұлов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Д. Ерғожин. ҚК-нің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

М.Өсіпов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталушылардың барлығы генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

2022 жылдың қараша айында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты сот басталды. Процесс жабық режимде өтті.

Мәсімов 2022 жылдың 6 қаңтарында ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары