×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Журналист Думан Мұхамедкәрімді неліктен тағы қамап тастады

30.05.2023, 12:58
Коллаж: ulysmedia.kz.

YouTube желісіндегі Ne Deidi арнасының авторы Думан Мұхаметкәрім шыққанына екі күн өткеннен кейін қайтадан түрмеге қамалды. Журналист кейінгі айларда қатарынан төртінші рет қамауға алынып отыр. Айып та таныс - Әкімшілік кодекстің 488-бабының 12 тармағы (бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу). Бірақ бұл жолы оның адвокаты дабыл қағып жатыр. Журналист 25 күн емес, ендігіде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін дейді ол. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісіне Думан Мұхамедкәрімнің адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтып берді.

Ол саяси контенті бар журналист

Думан Мұхамедкәрім парламенттің төменгі палатасына сайлауға түсіп, ілінбей қалды. Сайлау қорытындысы бойынша наразылық акциясын жариялағаны үшін наурызда 25 күн камерада отырды. Содан кейін сәуірде 15 күн, содан кейін 1 мамырда қамауға алынып, 25 тәулікке тергеу изоляторына жөнелітілді. 26 мамырда бостандыққа шыққанымен, бір күннен кейін қайтадан ұсталды

Журналист тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін бұған дейін оның адвокаты айтқан еді.

Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаметкәрім үшін Әкімшілік кодекстің 488-бабы емес, Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылу ықтималдығы едәуір қауіпті деп санайды. (ҚК 405 бабы – қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу).

Адвокаттың сөзінше, Мұхамедкәрімді Әбіләзовтың идеясын (Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ жетекшісі) жақтап жүр деп айыптауы мүмкін.

«Думан Мұхтар Әбілязовтың YouTube-тегі сұхбаты жабу туралы ұсыныспен адамдар жүгінгенін айтқан Алайда ол бас тартты. Менің клиентім ешбір ұйымға жанашырлық танытпайтынын және оған тиесілі емес екенін растаймын - ол өзінің саяси контенті бар журналист. 405-баптың көмегімен оның аузын жабуға тырысып жатыр, - деген Нұрпейісов мән-жайды түсіндіріп, 405-бап бойынша қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынатынын айтады.

Кәсіби шеңбер

Әзірге журналистің бұл жолы не себепті ұсталғаны туралы толық ақпарат жоқ.

«Оның шеңберден шыққан-шықпағанында қандай айырмашылық бар – әріптестері үшін журналистер күресуі керек», - дейді Ғалым Нұрпейісов.

Әріптестерінің ұсталып жатқанына «сабырмен қарап» үйренген журналистік орта Думанның Мұхтар Әбіләзовтан сұхбат алуы керек пе еді, әлде жоқ па деген сұрақты талқылап жатыр. Әйтсе де, Думан Мұхамедкәрім сұхбат алса да, алмаса да Әбіләзовтың видеосы YouTube-та өріп жүр. Ал Мұхамедкәрімнің онымен эфирде сұхбат құруға қақы бар ма еді? Адвокат Ғалым Нұрпейісов сөз еркіндігі мен оны айту білу еркіндігі ақпарат алу құқығымен байланысты екенін айтады.

«Кез келген адаммен сөйлесу – оның құқығы. Оның сотталған адаммен сөйлескені үшін айыпты деп тануға бола ма? Кеңес одағы кезінде «халық жауларымен» тілдесуге тыйым салатын. Дәл сол секілді біз қазір сотталған адаммен сөйлесуден зәре-құтымыз қашады», - дейді ол.

«Әділ сөз» не ойлайды?

Ulysmedia.kz редакциясы «Әділ сөз» құқық қорғау ұйымына Думан Мұхаметкәрімнің ұсталуына қатысты пікір білдіруді өтінді.

«Қор Думан Мұхаметкәрімге қатысты жағдайға алаңдайды. Туыстарынан білуімізше, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабы бойынша қозғалған істе куә болып табылады. Оқиғалардың дамуын жіті қадағалап, журналист, белсенді Думан Мұхаметкәрімге қатысты сақтауға шақырамыз», – деп жауап берді «Әділ сөз» қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова.

Думан Мұхамедкәрім деген кім?

Думан Мұхаметкәрім 1978 жылы 9 шілдеде Семей облысы Үржар ауданында дүниеге келген. Музыкалық колледжді театр режиссері мамандығы бойынша бітірген. Ол осы салада едәуір танылып, оның театрландырылған қойылымдары мен концерттері біршама танылды. Одан кейін Семейде жергілікті телеарнада диктор болып, сол жерден «Қазақстан Семей» РТРК-на ауысты. Үш жыл «Қазақстан» РТРК-ның Мәскеудегі тілшісі болып қызмет етті. Отанына оралып, «Астана» телеарнасында авторлық бағдарламасын жүргізе бастады.

Думанның әпкесі Айжан оны ештеңеден, ешкімнен қорықпайтын журналист деп есептейді. Ол сондай-ақ оның ресми телеарнадан жұмыстан шығарылуын эфирде өз ойын ашық айтуға рұқсат етілмегенімен түсіндіреді. Қазір ата-анасымен Алматы облысында Түймебаев ауылында тұрады.

Серіктес жаңалықтары