×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сатыбалды сыбайластарымен сыртқа шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылды

31.05.2023, 16:06
Сатыбалды сыбайластарымен сыртқа шығарған 464 млрд теңге елге қайтарылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру аясында елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатқанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Биыл мамыр айының соңына қарай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін Бас прокуратурамен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы сомасы 14 млн АҚШ долларын қайтарды.

Аталған қаражат мемлекет кірісіне айналдырылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдаланылатын болады», - делінген антикордың хабарламасында.

Қылмыстық қудалау басталғаннан бері мемлекетке заңсыз сатып алынған Қ.Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардың 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтері мен ақшалай қаражаттары қайтарылған.

«Оларға әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, қолма-қол ақша, акциялар мен компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді», - деп хабарлайды агенттік.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания жолға бөлінген 21,4 млрд теңгені басқа мақсатқа жұмсағаны анықталған.