×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компания жолға бөлінген 21,4 млрд теңгені басқа мақсатқа жұмсаған

26.04.2023, 18:39
Ашық дереккөз

Бас прокурор Берік Асылов орасан зор бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, автожолдардың сапасы азаматтардың наразылығын тудырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокурордың мәліметінше, бүгінде сапасыз жол құрылысына кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, залалды өтеу шаралары қабылдануда. Мысалы, құқық қорғау органдары «Қалбатау-Майқапшағай» және «Қарағанды-Балқаш» автожолдарын салу кезінде жұмыстарды орындамау және қаражат жымқыру фактілерін анықтаған. Ұзындығы 800 шақырымнан асатын бұл жол учаскелерін шетелдік қатысуы бар консорциумдар сыртқы қарыз қаражаты есебінен салып жатыр, оның аясында Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар «ҚазГерСтрой БК» ЖШС жұмыстарды бірлесіп орындаушы ретінде тартылған.

“Тек «Қалбатау-Майқапшағай» жобасы бойынша «ҚазГерСтрой БК» ЖШС 21,4 млрд теңге аванстың едәуір бөлігін автожолға байланысты емес басқа мақсаттарға, оның ішінде кредитке ақы төлеуге жұмсап жіберген. Ол үшін мердігер күдікті капиталды шығару схемаларын қолданды. Қылмыстық істен тыс прокурорлардың актілерімен 35 млрд теңге мемлекетке қайтарылды және бюджет шығынына жол берілмеді, тәртіптік және әкімшілік жазаға 600-ден астам адам тартылды. Мәселен, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында прокурорлар жергілікті биліктің аудандық және облыстық маңызы бар жақсартуды қажет етпейтін жол учаскелерін жөндеу туралы шешіміне тоқтау салып, бюджеттен шамамен 1 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуын болдырмады”, – деді Берік Асылов.

Бас прокурор жағдай тек жазалау шараларымен өзгермейтінін, бүкіл саланы түбегейлі қайта құру қажет екенін атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары