×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Антикор Шораев басқарған жылдарды ғана тексеріп жатыр – «Qazaqstan Barysy» қоры

30.06.2023, 12:38
Коллаж: Ulysmedia.kz

30 маусым күні Барыс Арена спорт кешенінде қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2023» республикалық турнирі алдындағы пресс-конференияда  Ulysmedia.kz тілшісі «Qazaqstan Barysy» турнирінің авторы Арман Шораевтың үстінен қозғалған қылмыстық істің қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

Қордың ресми баспасөз өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, қаржылық тексеріс Шораев басқарған 2019 жылға дейін ғана жүргізіліп жатыр. Қор өңірлік іріктеу жарыстарын ұйымдастырып, қазақ күресінен турнирлер өткізіп келеді. Қор жүзеге асырып отырған барлық жобалар қазақ күресін дамытуға бағытталған. 

«Қаржылық мониторинг тексерісі 2011-2019 жылдар аралығында өткен турнирлерге қатысты жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының қалай жүргізіліп жатқанына қатысты ешқандай пікір бере алмаймыз.  2019-2023 жыл біз қызмет атқарған уақытқа қатысты ешқандай мәселе туындап жатқан жоқ. Бұл брендпен бұрын жұмыс істеген «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры» ҚҚ жұмысы туралы ақпараттардан хабарымыз жоқ»,  – деді Диас Ахметшәріп. 

Сондай-ақ, қор өкілдері бүгінгі таңдағы қаржылық кірістері мен шығындарына қатысты ақпараттың барлығы дерлік ашық деді. Ал, биыл өткізілгелі отырған «Қазақстан барысы – 2023» турнирінің қаражаты жарыс аяқталғаннан кейін ғана белгілі болмақ.  

«Біздің Қор барлық процестердің ашықтығын қадағалайтындығын, қазіргі уақытта Қор қызметі штаттық режимде жүргізіліп отырғанын мәлімдейміз, туындаған мәселе бойынша ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылып келгенін және барлық қаржылық есептер қабылдаушы тараптардың талаптарына сәйкес ұсынылып отырғанын мәлімдейміз. Биылғы турнир астана күніне орай өтіп жатыр, мердігерлер әкімдік өткізіп жатқан конкурс, мемлекеттік сатып алу арқылы қызмет көрсетеді. Біздің турнирдің бюджеті сайыс біткен кезде ғана анықталады. Қор мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ, демеушілердің қаржысы есебінен жұмыс істеп отыр»,- деді қордың ресми өкілі. 

Еске салсақ, 21 маусым күні Алматы қаласы Қаржы мониторинг агенттігі Арман Шораев басқарған жылдардағы«Қазақстан барысы» турниріне бюджеттен бөлінген миллиард теңгеден астам қаражаттың қаншалықты заңды жұмсалғанын тексеріп жатқандарын мәлім еткен. Ведомствоның хабарлауынша, қазір жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында мердігер құрылым өкілдері мен басшылары тергелген, тінту жүрген, құжаттар тексерілген. Ал «Қазақстан барысы» турнирінің авторы Арман Шораев 20 маусымда Facebook парақшасында азаматтық позициясына қатысты өзіне және жақтастарына қысым жасалып жатқанын жазды.

Серіктес жаңалықтары