×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Адвокаттар Досаевтың үстінен арызданды: сот әкімнің ығына жығылды

03.07.2023, 18:02
Адвокаттар Досаевтың үстінен арызданды: сот әкімнің ығына жығылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі адвокаттардың бейбіт митингілерді өткізуге үнемі рұқсат бермегені үшін Алматы әкімі Ерболат Досаевқа талап арызы бойынша шешім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот әкімдіктің бейбіт митинг өткізуден бас тартуын заңсыз деп танудан бас тартты.

"Талапкерлер жергілікті атқарушы органға митингілерді өткізу туралы хабарлама берді, өткізу орны ретінде Уәлиханов атындағы саябақ көрсетілді. Әкімдіктің қаулыларымен қатысушылардың болжалды санының арнаулы орынды толтырудың шекті нормасынан асып кетуі, сондай-ақ спорттық іс-шараны өткізу себебінен митинг өткізуге рұқсат берілмеді. Талапкерлерге  митинг өткізудің балама орны –  "Сары Арқа" кинотеатрының артындағы алаң ұсынылды", - деп хабарлады сот.

Айта кетейік, әкімнің, әкімдіктің және "Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасы" КММ үстінен Мұрат Адам, Айман Омарова, Рена Керімова және Елена Жигаленок арызданды.

Адвокаттар өз өтінішінде Алматы әкімдігінің 29 және 31 мамырда митингілер өткізуден бас тартуын заңсыз деп тануды сұрады.

Олар әкімді және оның қарамағындағыларды адвокаттардың кәсіби құқықтарының жиі бұзылуына қатысты адвокаттардың пікірін білдіру мақсатында бейбіт жиын өткізуге орын беруге міндеттеуді талап етті.

Айта кетейік, бұдан бұрын Досаев құрылыс компаниялары бар депутаттарды қалай жарылқап отырғанын жазғанбыз.