×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматы әуежайын басып алу ісі: сотталушыларға үкім шықты

11.07.2023, 14:26
Алматы әуежайын басып алу ісі: сотталушыларға үкім шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматының Наурызбай аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша айыпталушыларға үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырды. 

Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды.

Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаевқа пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге сала кетейік, белсенділер Әйгерім Тілеужан мен Қалас Нұрпейісов, сондай-ақ Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев және Жанайдар Кәрменов әуежайды басып алды деген айып тағылған.

Тілеужан мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды (ҚР ҚК 272 - бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен "КазАэроНавигация" РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылықпен, өртеумен, мүлікті қиратумен және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздіктерге (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сотталушыларды қолдауға жиналғандардың қарасы қалың болды. Олардың көпшілігі белсенділерді босатуды талап еткен плакаттар көтеріп келді.