×
479.26
546.21
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.26
546.21
6.13

Қазақстан ұйымдасқан қылмыс өкілдерінің елге кіруіне тыйым салды

Бүгін, 11:10
Қазақстан ұйымдасқан қылмыс өкілдерінің елге кіруіне тыйым салды
Ішкі істер министрлігі

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарды, оның ішінде трансұлттық қылмыстық топтарды құру және олардың қызметіне қатысу фактілері бойынша 38 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СТАТИСТИКА

ІІМ мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясында қылмыстық ортаға қатысы бар 160-тан астам адам жазаланды. Сондай-ақ бопсалаудың 270-тен астам фактісі анықталды.

30-дан астам қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, жазасын өтеп жатқан қылмыстық орта өкілдерінің түзеу мекемелері қызметкерлеріне бағынбауы және қоқан-лоқы көрсетуі бойынша 50-ден астам іс тіркелген.

Сонымен қатар «заңдағы ұры» санатына жататын және сондай-ақ шетелдік қылмыстық орта өкілдері саналатын 500-ге жуық адамның Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды.

Адам саудасына қатысты 80-нен астам қылмыс анықталған.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң бұзған адамдардың жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі әрі қағидатты жұмысын жалғастырады, – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.