×
502.57
591.68
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.57
591.68
6.42

Қазақстандық әйел Антарктиданы бағындырды

Бүгін, 13:26
Қазақстандық әйел Антарктиданы бағындырды
Фото: el.kz

Қазақстандық Сайора Қарабаева арман қуып Антарктидаға ғылыми экспедицияға аттанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сайора сапар алдында мұқият дайындық пен сақтандырудың маңызын атап өткен, деп жазады el.kz. Антарктидаға турдың құны 8 мыңнан 25 мың АҚШ долларына дейін жетеді. Экспедиция барысында қатысушылар пингвиндерді, итбалықтарды және киттерді көрген. Алайда полярлық күн мен әртүрлі уақыт белдеулері бейімделу процесін қиындатқан.

Сайора күйеуімен бірге Антарктидаға экспедициялық форматта саяхаттаған. Бағдарламаға жағалауға шығу, сондай-ақ ғалымдардың дәрістері кірген.

– Адам әлемге мүлде басқа көзбен қарай бастайды, табиғатты бағалайды және өзіңді бұл дүниенің қожайыны емес, тек қонағы екеніңді түсінесің. Сапардағы ең есте қалған сәттердің бірі – түрлі адамдармен, негізінен америкалықтармен араласу болды. Олар маған келіп, Қазақстанға саяхат ұйымдастыруға көмектесуімді сұрады. Сол кезде мен біз көптен айтып жүрген бір бос орынды түсіндім. Біз Қазақстанның брендіне көп қаржы құямыз, елді танытқымыз келеді, бірақ іс жүзінде адам Booking секілді платформаға кіріп, турды оңай брондап, жолға шығатындай қарапайым тетік жоқ. Сондықтан отандық туроператорлар дәл осындай бағыттарды әзірлей алар еді деп ойлаймын, – дейді саяхатшы.

Серіктес жаңалықтары