×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Әженің зары: Түркістанда 5-сынып оқушысы әлімжеттіктен өлді ме?

22.10.2021, 17:16

Түркістанда 5-ші сынып оқушысы Рамазан Жақыпбек қайтыс болды. Рамазанның әжесі оның әлімжеттік құрбаны болғанын айтып отыр. Қайтыс болар алдында бала сыныптасынан таяқ жегенін айтқан.

14 қазанда БАҚ-та Түркістан облысында мектептке таяқ жеген 5-шы сынап оқушысы көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Әдетте ешкімге шағымданбайтын Рамазан сол күні әжесіне сотқар сыныптасынан таяқ жегенін айтқан.

«Оны дәретхананың ішінде ұрыпты. Дәретханаға кіргенде бұл да кіріп ұрған. Басынан қатты соққы алған. Қан ұйыпты басына, одан кейін тамыры қысылып қалған деді. Бүйрегі де ісіп кеткен. Сот0ар балалар жуас балалардан тиын-тебен алады екен. Ана бала: «мен осы сыныптың атаманымын» дейді екен. Соған енді ақша беру керек екен. Қазір сонда әлімжеттік боп тұр ғой», - дейді марқұмның әжесі Гүлнар Маханова.

Рамазан оқыған №18 мектеп-гимназияда әлімжеттік көп орын алады деген әңгіме ата-аналар арасында көп айтылады екен. Бірақ мектеп директоры оны жоққа шығарды. Тіпті  ата-аналармен жиналыс та өткізіпті. Бірақ ол отырыста сыныптағы сотқарлық туралы сөз болмаған.  “Төбелес болған жоқ, мектепте ақша жинап, балаларды ұрып-соғатын атаман да жоқ” деп отыр.

Қайтыс болған Рамазан мен “атаман” атанған Ерасылдың ата-анасы не дейді? Ulysmedia.kz арнайы Түркістанға барып, оқиға хронологиясы мен тараптар шындығын білуге тырысты.

Серіктес жаңалықтары