Qarakoz подкастының кезекті қонағы – журналист, қоғам белсендісі Дина Елгезек.
Дина 2012 жылдан бері саяси ұстанымы мен көзқарасын «Фейсбук» әлеуметтік желісінде ашық жазады. Биліктің қате әрекеттерін сынап жүрген санаулы журналистердің бірі. Цукербергтің алаңында Динаны қолдайтындар көп. Былтыр өткен парламент сайлауында тәуелсіз кандидаттар блогын қалай құрғанын, қазақ оппозициясының басын біріктіруге неге талқынғанын, қазіргі журналистер мен депутаттар хақында өз ойын бөлісті.
Qaraqoz – еркін әңгіме алаңы. Прогрессивті қыз-келіншектерді көпшілікке танытуды көздейді.
Осы арқылы қазақ әйелдері үшін пайдалы контент жасап, мотивация сыйлауды мақсат тұтады.