×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қарғын сумен күрес: Халықтың жанайқайы неде және оған билік қалай көмектеседі

09.04.2024, 13:50
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz порталы редакциясының түсірілім тобы Атырау облысына сапарын жалғастырып, мәселенің ауқымына, халық көтеретін мәселе тереңірек үңіліп көрді. 

7 сәуір күні қарғын су басқан өңірге үкімет басшысы Олжас Бектенов келген. Премьер министр Құлсарының жағдайымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Шенеуніктерге шерін айтқан жұрт көп болды. 4 күн бойы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған халықтың қайғысына бейжай қарау мүмкін емес. Әсіресе, ақсақалдың көз жасын көріп, шырылдаған апаның жан айқайын да естідік. Апат айтып келмейді, десек те барлық күш қазір барынша осы аймаққа жұмылдырылып жатыр. Дәл қазір Құлсарыға қосымша техника тартылып, гуманитарлық көмектер жіберіліп жатыр.

Ұлысмедианың түсірілім тобы әрі қарай сапарын жалғастырады. Алда – Солтүстік Қазақстан облысы. Бізбен бірге болыңыздар.

Серіктес жаңалықтары