Бұл күндері Қазақ елі су тасқынымен күресуде. Шығын саны да күн санап өсуде. Су алған аймақтағы халық күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырылды. Ulysmedia.kz бұл аптадағы осы және өзге де мәселелерді шолып көрді.
Президент “әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет”, деп отыр. Десе де, Тоқаевтың қазақстандық олигархтарға елге көмек беру туралы міндетін, тізімдегі елудің тек бес-алтауы ғана орындады әзірше.
Ал олигархтардан бөлек, халық есебінен байып алған, байып отырған шоу бизнес өкілдері елге көмек беруде сараңдық көрсетіп отыр. Айтпақшы, гуманитарлық көмекке деп қаражат жинаған қайырымдылық қорлар қайда жүр?
Бұдан бөлек, Ұлыс аптада қазақтың мұнайына Ресей көз салып отыр ма? Діни неке үшін жаза қодданыла ма? Бишімбаевтың соты қашан бітеді? Тик-токқа шектеу қойылуы мүмкін бе деген сұрақтарды талқылаймыз.