×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Кеншілер ереуілі. Футболист «күйеубала» мен Ұлттық экономика министрінің «отставкасы» – Ұлыс апта

Бүгін, 18:53

«Ұлыс медиа» порталы өтіп бара жатқан аптаның басты оқиғаларының шолуын ұсынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың жарлығы шықты. Сол жағалауда тағы ауыз-түйіс. Бұл жолы премьер-министр орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметтен кетті. Оның орнына Тоқаев сағаттың ауысуына жауапты шенеунік Серік Жұманғаринді тағайындап қойды. Экономика тығырықтан шыға ала ма? 

Күйеу балалар жасасын. Футбол федерациясының президенті болып Марат Омаров тағайындалды. Ол Назарбаевтардың құдасы Берік Имашевтің кіші қызын алып отыр. Назарбаевтардың экс-құдасы Қайрат Боранбаевқа да қатысы бар дейді. 

Кеншілердің үндеуі. “Қазақмыстағы” қара жұмысшылар еруілге шықты. Қазақстандағы ең бай олихарқа тиесілі компания жұмысшыларының жалақысы неге аз? Экономист Мейрам Қажыкен бұған тікелей Үкіметті айыптайды. Тамара Дүйсенова бастаған топ 10 жылдан бері ортақ еңбек шартын жасай алмай келеді дейді сарапшы. 

«Қазақстан емес, Штрафстан» - полицейлерге айыппұл салуды мейлінше көбейтуге тапсырма берген видео тарады. Ішкі істер министрлігі бәрі жалған дегенімен, статистика жүргізушілерге салынған айыппұлдың 60 млрд теңгеге өскенін көрсетіп тұр. Халық не дейді? Арнайы сауалнама да жүргіздік. 

Қаңтар оқиғасынан бері 3 жыл өтті. Бірақ сот процестерінің бітетін түрі жоқ. Алматыда бейбіт тұрғындарға оқ атқан әскери қызметкер сотталып жатыр. Айтжан Әубәкіров танымал археологты қалай өлтірген. Куәгерлер не деп жатыр?  

Думан Мұхамедкәрім Алматы тергеу изоляторынан этаппен Қызылордаға әкетілді. 5 айдан бері ол жалғыз өзі абақтыда отырған. Құқық қорғаушылар саяси тұтқындарды жазғыз ұстау, «есі ауысып, өзіне қол жұмсауға дейін әкелеуі мүмкін» деп дабыл қағып жатыр. Марат Жыланбаевтың жағдайы қалай? 

Шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көріңіздер.