Ulysmedia.kz оқырман назарына кезекті саяси шолуын ұсынады.
Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағын ресейлік «жер-әуе» санатындағы әскери зымыранының тиді деген ақпарат айтылды. Еуроньюс сенімді ақпарат көзіне сілтеме жасап, осындай жаңалық шығарды. Бұған Росавиация не деп үн қатты? Путин жауапқа тартыла ма?
Қаза болған 38 жолаушының алтауы қазақ. Олардың өлімі үшін Қазақстан сұрау салмады. Ал аман қалған адамдар нендей шындықты айтып жатыр?
“Эйр Астананың” қызметі майшаммен қарала ма? Осы аптада мәжілістегі біраз депутат Көлік министрі мен әуе компаниясының басшысы Питер Форстерге лап қойды. Бірақ қоғам белсенділері депутаттарды сынға алып, “популистер” деп айыптады.
«Жағдайы ауыр, бас сүйегінің бір бөлігін алып тастаған» Семейде шырша құруға мәжбүрлі түрде жіберілген мұғалім Қуат Айтқалиев 5 метр биіктіктен құлап, жансақтау бөлімінде жатыр. Ұстаздарды қара жұмысқа салған шенеуніктер жазалана ма?
Талғар трагедиясы. 15 күнге қамалған марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай бостандыққа шықты. Қайғыдан қан жұтқан Қаржаубай халыққа үндеу жасады.
2024 жыл немен қалай есте қалды? 2025 жылдан не күтеміз? Қандай сабақ алдық?
Бәрін тарқатып айтып береміз. Ұлыс апта шолуын көріп, пікір қалдырып, бөлісе отырыңыздар.
Толығырақ Ulysmedia.kz порталының youtube арнасынан көре аласыздар.