Жаңа салық реформасы, қосымша құн салығы мөлшерінің өсімі, оның бизнеске әсері, бәлкім салдары Қазақстан экономикасы үшін нені білдіреді? Кімдерге көрпесіне қарап көсілуге тура келеді? Өзгерістерден кім пайда көреді? Бұл жолы Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева осы мәселені Қазақстан салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменовамен бірге талқылады.
Сұхбатта не талқыланады? Қысқаша баян етсек:
Неліктен салық реформасы қара бұлттай үйіріліп келеді, бизнесті неге сонша қорқытады?
Кәсіпкерлердің көпшілігі көлеңкелі экономикаға кететіні рас па?
Кім көп зардап шегеді – шағын және орта бизнес пе, өндірушілер ме, әлде бөлшек сауда иелері ме?
Неліктен депутаттар қарсы және олар ҚҚС өсуін тоқтата ала ма?
Салықты көбейтудің орнына бюджетті қандай балама шаралар толықтыра алады?
Басқа елдерде мұндай проблемалар қалай шешіліп жатыр?
Сұхбатта сарапшы реформаны неге асығыс жүргізуге болмайтынын және мемлекет бюджетті толықтыру мен бизнесті қолдау арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын түсіндіреді.
Жаңа салық кодексі туралы сіз не ойлайсыз? Көбірек төлеуге дайынсыз ба? Сұхбатты бөлісіп, тарата отырыңыздар!