×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

Тұншыққан таланттар, кинодағы жемқорлар мен діндегі қулар жайлы – Ерлан Төлеутаймен эксклюзив сұқбат

29.05.2025, 20:33

"Қазақфильмдегі" дау-дамай кейінгі жылдары тіптен ушыға түсті. Өнер иелері, актерлер мен аниматорлардың киностудия басшылығымен текетіресі кейінгі кезде жиірек ел назарына ілігетін болған. Мұның себебі неде? Жалпы кино, анимацияның қазіргі тыныс-тіршілігі қалай? Киностудиядағы дау неге бәсеңдемейді? Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева осы және өзге де өзекті мәселердің мәніне үңілу үшін белгілі режиссер, өнертанушы Ерлан Төлеутаймен сұхбаттасты.

Ерлан Төлеутай қазақ қоғамындағы мәдени саясат, дәстүрлі өнердің бүгіні мен ертеңі туралы сөз қозғады.Сұхбат барысында қазақтың кино өнері неге шетқақпай қалып жатқанын, кино саласындағы кім бар, кім жоғын, «Қазақфильмнің» қазіргі жағдайы қандай екенін айтты.

Сал-серілердің мұрасы неге ұмыт қалып барады? Мемлекет өнерді қолдай ма, әлде қолдан тежей ме? Өнер иелерінің қазіргі жайы қалай? Осы сұрақтарға жауап берген Ерлан Төлеутай өзі бастан өткерген қысым мен жүйенің қателіктерін баян етті.

Бұл сұхбат — өнер арқылы қоғамды тану талпынысы.

Ulysmedia кино саласындағы тығырықтан шығу үшін билік пен өнер адамдары арасында ашық диалогқа жол ашатын алаң ұсынды.

Серіктес жаңалықтары