Ulysmedia.kz-тің YouTube арнасында мұнай-газ саласының сарапшысы Асқар Исмаиловпен эксклюзив сұқбат.
Біз әңгіме барысында мына тақырыптарды көтерді:
Неліктен Қазақстандағы мұнай-химия саласы «тұралап» тұр және өсім бермей жатыр?
Қазақстан неге Қашағаннан бар болғаны 2% ғана пайда көреді?
Мұнай саласындағы барлық негізгі келісімшарттар неге құпия сақталады?
МӨЗ-ді Ресейге басқаруға беру идеяларының артында не тұр?
Нақты емес есептер мен жасанды түрде көтерілген сметалар жобаларды қалай утопияға айналдырады?
Мұнай саласында шешімді кім қабылдайды – Энергетика министрлігі ме, «Самұрық-Қазына» ма, әлде «ҚазМұнайГаз» ба?
Қашаған бойынша халықаралық арбитраж нені білдіреді және Қазақстанның қандай мүмкіндіктері бар?
Шағын өндіруші компаниялар неге күнкөріс қамымен жүр, ал әлеуметтік шиеленіс күшейіп келеді?
«Мұнайшылардың бай өмірі» жайлы аңыздар қаншалықты шындыққа жанасады?
2027 жылы ЕАЭО бірыңғай нарығы іске қосылғанда саланы не күтіп тұр?
Бұл шенеуніктер айтпайтын «қара алтын» жайлы ашық әңгіме.
Сұқбаттың толық нұсқасын дәл қазір Ұлыстың YouTube-арнасынан көріңіз!