×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Қалада жоқ кандидат, жабық штаб, тым-тырыс тыныштық: Семейде әкім сайлауы қалай өтті?

Бүгін, 21:40

12 қазанда Семей қаласының әкімін бірінші рет тікелей халық сайлады. «Билік саяси реформаға балаған» сайлау қалай өтті? Осы тұста ULYSMEDIA түсірілім тобы Абай облысының орталығына барды.

Қалада сайлау дүбірі сезілмейді. Кейбір көшелердің бойында «Өз таңдауыңды жаса» деп, халықты сайлауға келуге үндеген баннерлер мен іріктеуден өткен үміткердің сайлау алды бағдарламасы жазылған плакаттар ілінген.

Біз тілдескен Семей тұрғындарының басым көпшілігі кандидаттарды мүлде танымайтынын айтты. Кейбірі сайлауға бармаймын десе, енді бірі кімге дауыс беретінін білмесе де, сайлауға барған.

Репортаждың толық нұсқасы ULYSMEDIA арнасында. 

АЙТА КЕТЕЙІК

Бүгін кеште Семейдегі әкім сайлауының нәтижесі белгілі болды. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өзін-өзі ұсынған кандидат Әділет Қожанбаев жеңіске жетті. Оған 89 441 сайлаушы дауыс берген.

Қожанбаевтың қарсыластары Бекжасаров пен Төлеуов тиісінше 9 763 және 12 557 дауыс жинаған. 45 жастағы Әділет Қожанбаев сайлауға дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары