×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Ресейде қазақ тілі оқытылмақ. Сарбаздар өлімін Асылов тоқтата ала ма? Судьялар репутациясы - Ұлыс апта

Бүгін, 20:55

Ұлысмедиа ақпараттық-сараптамалық порталы аптаның басты оқиғаларын шолып шықты. Тәуелсіз пікір мен сарапшылар көзқарасы осында.

“Құдай қосқан көрші!”, “Старший товарищ!”
Тоқаев Америкадан келе салып, Мәскеуге аттанды. Дипломатиядағы жағымпаздық бізге не береді? Айтпақшы Ресей қазақтары үшін қазақ тілі оқытылатын болды. Ал Қазақстандағы аралас мектептер мәселесі шешілер емес.

Қорғас ісіндегі жемқорлық. Миллиардтаған есеп шоттар, қымбат көліктер мен адам өлімі. Әйгілі Қайрат Қожамжаровтың оң қолы болған Мақсат Дүйсеновке тағылған айыптар жүйенің жалмауыздығын көрсетеді. Ал енді Германияда ұсталған Дүйсенов Қазақстанға қашан экстрадияцияланады? 

“Баламызды әскерде өлсін деп туған жоқпыз". Осылай деп зар жылаған бір топ ата-ана астанада митингке шықты. Одан кейін қамалды. Берік Асылов Тоқаевтың тапсырмасын 12 күнде шеше ала ма? Әскердегі бардакқа кім кінәлі? 

«Хутор» бандасының басшысы Хасан Қасымбаев сотталды. Талғардағы бассыздық үшін неге еш шенеунік жауапқа тартылмай қалды? 

Судья ішіп алып, көлік айдаған. Бірақ жауапқа тартылмаған. Қазақстандағы судьялар репутациясы неге нөлге тең? Сот жүйесін Тоқаев неге реформалай алмай отыр? 

Теңге 32 жылда 100 есеге құнсызданған. 

ЛГБТ туралы заң оның пропагандасын азайта ма әлде адам құқықтарын шектей ме? Жаңа заң кімді қорғайды? Баланы ма, билікті ме?

Тағы бір белсенді 4 жылға сотталып кетті.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары