Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті әрі қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
Тоқаев, Мирзеев, Лукашенко. Путиннің шеруіне қатысу қауіпсіздікке кепіл ме? Әлемдегі күрделі геосаяси ойындар Қазақсоанды қалай шынықтырды?
Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Роман Скляр Ақордаға келді. Әдетте идеологтар баратын Президент әкімшілігіне технократтың баруы нені білдіреді?
Ақордадан кеткен Айбек Дәдебай “Әділет” партиясын басқарды. Ол әділдік іздеген қарапайым халық үшін саяси күш бола ала ма? Әлі тіркелмеген «Әділет» Назарбаевтың аманатын шынымен ығыстыра ала ма? Ал Жаңа партия құрамына Тоқаевтың жиені не үшін кірді?
Бұл тақырыпта арнайы талқылау өткіздік. Журналистер Бауыржан Мұқанов пен Мөлдір Бақыт Қазақстанда болып саяси үрдістерге өз бағасын берді?
Қызылорда өңірінің сүйікті әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтен тағайындау алды. Олжас Бектенов жұмысын күшейтіп жатқан сияқты. Елге бұдан қандай пайда?
Қаңтар оқиғасынан кейін шет елге кетіп қалған Бауыржан Байбек Қазақстанға оралды ма? Өмір бойы мемлекеттік қызметте болған Байбек қалай бизнес ашып, миллиондап инвестиция тартып жатыр? Әлде бұл Назарбаевтардың активтері ме?
Шолудың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.