Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің 50 жылдан астам тарихы бар. Көптеген білім-ғылым ордалары бәсекелестік пен жаһандану үдерісіне төтеп бере алмай, жабылып, жоғалып жатса - АУЭС керісінше Energo University брендінің аясында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқан.
Университет ректоры Ғани Нығыметов Ұлысқа оқу орнының базасын толық көрсетіп, стратегиялық жоспарларымен бөлісті. Түлектер АУЭС берген білімді қалай іс жүзінде пайдаланып жатқандарын айтты. Оқытушылар жаңа мамандықтарды игеру мәселесін ортаға салды.
Қаскелең қаласындағы университеттің жаңа ғимаратымен таныстық. Мұнда тек Energo University емес, әйгілі New York Film Academy Kazakhstan кампусы да орналасқан. Қытай, Германия университеттерімен бірге оқытуға да инфрақұрылым дайындалып жатыр. Бұл университеттерді ортақ не байланыстырады? Жоғары білім саласы қалай трансформацияланып жатыр? Қаскелең таза студенттер қаласына айнала ма? АЭС мамандарын қалай оқытпақ? Масштабы таңғалдыратын жобалар кімнің қаржысына жүзеге асуда? Қазақстандық түлектер үшін қандай грант жобалары бар?
Ұлыстың ауқымды материалын YouTube арнадан көре аласыздар.