×
$
473.59
544.68
5.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
473.59
544.68
5.94

Halyk қоры Қазақстанның орман қорын қалай көбейтіп жатыр

Бүгін, 20:00
Halyk қоры Қазақстанның орман қорын қалай көбейтіп жатыр

Жаз – демалыс маусымы ғана емес, орман өрті жиілейтін кезең. Жыл сайын тілсіз жау мыңдаған гектар орманды жалмап, табиғатқа орасан зиян келтіреді. Климаттың өзгеруі мен экологиялық сын-қатерлер күшейген сайын орманды қалпына келтіру және елді мекендерді көгалдандыру мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті.

Жаңа орман қалай өсіріледі? Кішкентай ғана өскіннің еңселі қарағайға айналуы үшін қанша жыл қажет?

Осы сауалдарға жауап іздеген Ulysmedia түсірілім тобы «Семей орманы» орман тәлімбағына барып, болашақ орманның қалай қалыптасатынын өз көзімен көрді. Біз тұқымды іріктеу мен дайындаудан бастап, көшеттерді заманауи тәсілмен өсіру және жерсіндіруге дейінгі бүкіл үдеріске куә болдық.

Бүгінде Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ауқымды экологиялық бастамалардың бірі – Halyk Орманы бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаны 2025 жылдан бері Halyk қайырымдылық қоры Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп іске асырып келеді. Бес жылға жоспарланған бағдарлама аясында 2 мың гектардан астам аумаққа 9 миллионнан астам ағаш отырғызу көзделген. Ал қор тарапынан бөлінетін қаржы көлемі 1 миллиард теңгеден асады.

Бұл жобаның басты ерекшелігі – кешенді көзқарасында. Қаржы тек ағаш отырғызуға ғана емес, орман тәлімбақтарын жаңғыртуға, заманауи суару жүйелері мен су қоймаларын салуға, инфрақұрылымды жақсартуға және сапалы отырғызу материалын өсіруге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Соның арқасында болашақ орманның әр кезеңі – тұқымнан бастап, толық жетілген ағашқа дейінгі өсу жолы жүйелі түрде қамтылады.

Ulysmedia-ның жаңа репортажында орманды қалпына келтіру жүйесінің қалай жұмыс істейтініне, бұл істің неге ондаған жылға созылатын еңбек екеніне және мұндай жобалардың бүгінгі экология үшін ғана емес, Қазақстанның келешек ұрпағы үшін де неліктен маңызды екеніне тоқталамыз.

Репортаждың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube-арнасынан көре аласыздар.