Өтіп бара жатқан апта ел есінде несімен қалды? Қазақстанда және әлемде не болып жатыр? Осы және өзге де жаңалықтарды Ұлыс аптаның кезекті шығарылымынан көре аласыз.
Қазір жұрттың назары – әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында. Өйткені, елімізде маңызды науқан өтіп жатыр. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді. Үгіт жұмыстары да басталды.
Осы аптада:
Лукашенко Қазақстанға қарата не дегісі келді?
ҰҚШҰ қазақты ұшпаққа шығара ма?
Тасмағамбетов Белорусь президентімен қандай мәмілеге келді?
Пияздың құны өсті. Қымбатшылыққа кінәлі кім? Сауда министрі Серік Жұманғариннің жоспары қандай?
Ал сауда айналымындағы миллиардтаған субсидия бағаны түсіре ме әлде олигархтарды байыта ма?
Сайлау: Сексеуілді сексеуілмен сындыру әдісі басталып кетті ме?
Түрмеден хат. Қайрат Құдайберген не дейді? Қаңды қаңтардың шындығы айтылды ма?
Осы және өзге де жаңалықтар легін Ұлыс аптадан көріп, ой бөлісіп, пікір қалдыра отырыңыздар.