×
$
444.3
€
490.91
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.3
€
490.91
₽
5.41

Нұрлан Жақыповты Ақордаға ұсынған кім - Ұлыс апта

Бүгін, 21:00

Оларға елдің байлығы сеніп тапсырылды. Енді өздері тергеуге ілікті.

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталуы, Астанада көшеге шашылған долларлар, ықтимал 6 миллион доллар пара туралы ақпарат халықтың жағасын ұстатты. Бұл оқиғалар қоғамның ашуын туғызып, ұлттық компаниялардағы бақылауға қатысты өткір сұрақтарды қайта көтерді.

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мемлекеттік компаниялардағы жемқорлықты қатаң сынап, Үкіметке нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. «Өзіміздікі» мен «бөтен» деп бөлу болмайтынын мәлімдеді. Енді бұл талап кімдерге дейін жетеді?

Жақыпов пен Отыншиевті жоғары лауазымдарға кім ұсынды? Олардың жұмысын кім қадағалады? Аудиторлар анықтаған кемшіліктер неге дер кезінде түзелмеді? Халыққа үнемдеуді айтатын жүйеде ұлттық компания басшыларының жалақысы мен бонустары неге толық ашық емес?

Бұл шығарылымда:

  • Жақыповтың декларациядағы табысы және Отыншиевпен кәсіби байланысы;
  • «Самұрық-Қазынадағы» сатып алулар, тиімсіз шығындар мен аяқталмаған жобалар;
  • Кадрлық тағайындаулар мен басқарушылық жауапкершілік;
  • Қорды тарату неге оңай емес және оның активтерінің болашағы сөз болады.

Ұлттық компания - жеке әмиян емес. Лауазым - жауапкершіліктен қорғайтын қалқан емес. Ел байлығын басқаратындар халық алдында есеп беруге міндетті.

Басты мәселе - көшеге шашылған долларда ғана емес. Елдің байлығын кім, қалай және кімнің мүддесі үшін басқарып отыр?

Жемқорлықпен күрес екі адамның ұсталуымен аяқталмауы тиіс. Ол ашық есепке, нақты жауапкершілікке және халықтың ақшасын қайтаруға ұласуы керек. Мемлекеттік активтерді кезекті рет бөліске салудың құралына айналмауы қажет. 

Ұлысмедианың бас редакторы Самал Ибраева мәселені сарапшылармен талқылап, халықтың пікірін сұрады.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.

Сізге қызық болуы мүмкін